Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) тапсыру мерзімдері, тәртібі туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы  2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121–VI Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – қолданысқа енгізу туралы Заң) сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің «Жалпыға бірдей декларациялау» 71-тарауы қолданысқа енгізіледі.

Қолданысқа енгізу туралы Заңның 45-1-бабының негізінде жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізіледі.

Бірыңғай жиынтық төлемнің артықшылығы

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) - режимі формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді.

БЖТ табыс табу үшін формалды емес кәсібін жүргізіп отырған жеке тұлғаларға, жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбай дара айналысатын, қызмет көрсететін басқа жеке тұлғаларға, қосалқы шаруашылығын жүргізіп отырғандарға, үй жұмыскерлеріне арналған.

БЖТ төлеушілерге мынандай мүмкіндіктер береді: