- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 25.12.2024 15:11
Date of changing: 25.12.2024 15:12
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізіліп жатқан өзгерістерге сәйкес, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00 СЕН) ұсынуға келесі санаттар міндеттелетінін хабарлайды:
- шетелде мүлкі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен резиденттері;
- сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар;
- банктің, бағалы қағаздар нарығының немесе сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушысы болуға ниетті тұлғалар;
- жеке практикамен айналысатын тұлғалар;
- декларацияны ерікті түрде тапсырғысы келетін азаматтар.
Шетелдегі декларациялауға жататын активтер:
- жылжымайтын мүлік, көлік құралдары;
- шетелдік компаниялардағы немесе тұрғын үй құрылысына қатысудағы үлестер;
- шетелдік банктердегі шоттардағы қаражат, егер олардың сомасы 1000 АЕК-тен асатын болса;
- бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;
- брокерлік шоттардағы қаражат;
- интеллектуалдық меншік объектілері, авторлық құқықтар;
- цифрлық активтер;
- дебиторлық/кредиторлық берешектер;
- инвестициялық және бағалы металдар;
- құны 1000 АЕК-тен асатын мүлік (мысалы, антиквариат, сән-салтанат заттары).
Маңызды: декларацияны ерікті түрде ұсынған кезде декларанттар 10 000 АЕК-тен аспайтын сомада қолма-қол ақшаны және басқа да активтер мен міндеттемелерді декларациялай алады, бұл кейіннен жеке тұлғаның шығындарын растауға негіз болады.
Егер азаматтардың қолма-қол ақшасы 10 000 АЕК-тен (2024 жылы бұл 36 920 000 теңге) асатын болса, бұл қаражатты 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін банктік шоттарға салу қажет.
Декларацияны қалай тапсыруға болады?
Декларацияны e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, «Электрондық үкімет» (egov.kz) порталы немесе Салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), екінші деңгейдегі банктер мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.