Date of publication: 08.04.2025 18:38
Date of changing: 08.04.2025 18:39

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша сомаларын есепке жатқызу (қайтару) туралы өтініш берілген кезде іс-қимыл жасау тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің 2024 жылғы 2 шілдедедегі №247 бұйрығына және ҚР ҚМ МКК Төрағасының бұйрығына қоса берілген №9 қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 114-бабына сәйкес әзірленді және кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша сомаларын есепке жатқызу (қайтару) туралы құжаттарды қабылдау және өңдеу кезінде мемлекеттік кірістер органы (бұдан әрі – МКО) лауазымды адамдарының іс-қимыл жасау реттілігін айқындайды.

2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша сомаларын есепке жатқызу (қайтару) туралы өтінішті қабылдауды және нәтижесін беруді МКО лауазымды адамы жүзеге асырады.

Келу тәртібімен жүгінген кезде – сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (бұдан әрі – СЭҚҚ) ұсынған өтінішті, МКО-ның құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі қабылдайды және МКО-ның құжаттарды өңдеуге жауапты құрылымдық бөлімшесіне беріледі.
            Жеке басын сәйкестендіру үшін МКО-ның қызметкері СЭҚҚ-дан жеке басын куәландыратын құжатты сұрайды.
            МКО-ның құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар келіп түскен күні ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады (жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері СЭҚҚ жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 

3. Кодекстің 114-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша сомаларын есепке жатқызу (қайтару) үшін СЭҚҚ:

осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) өтінішті ұсынады.

4. СЭҚҚ өтініште көрсетілген мәліметтерді толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданыс мерзімі өткен мәліметтерді ұсынған немесе кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша сомаларын есепке жатқызу (қайтару) үшін қажетті мәліметтер болмаған кезде МКО-ның қызметкері ҚР ӘРПК 73-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тыңдауды жүзеге асырмастан, осы Тәртіпке сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Кодекстің 114-бабының нормаларын сақтамау кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша сомаларын есепке жатқызудан (қайтарудан) бас тарту үшін негіз болып табылады.

5. Өтініш келіп түскен МКО лауазымды адамы:

1) өтінішті қабылдаған күні берілген өтінішті Кодекстің 114-бабында белгіленген шарттардың сақталуы тұрғысында қарайды;

2) белгіленген талаптар сақталған жағдайда қамтамасыз етуді Қазынашылық АЖ-ға 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтаруды қалыптастырады.

Белгіленген талаптар сақталмаған кезде қамтамасыз етуді қайтарудан бас тарту туралы уәжді жауап жолдайды және қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

 

Құжаттаманы бекітілген талаптарға сәйкестендіру мақсатында, өтініштерді №9 қосымшаға сәйкес қатаң рәсімдеуді сұраймыз. Бұл тәртіп құжаттардың біркелкілігін қамтамасыз етіп, өтініштердің жедел қаралуын арттырады және қайтарылатын қаражаттың дұрыс есепке алынуына ықпал етеді.

 

 

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша сомаларын есепке жатқызу (қайтару)

бойынша іс-қимыл жасау тәртібіне

қосымша

_________________________

(толық атауы

заңды немесе тегі,

аты, әкесінің аты (болған кезде)

____________________________

(заңды мекенжайы)

____________________________

(іс жүзіндегі мекен-жайы немесе

тұрғылықты жері)

____________________________

(бизнесті сәйкестендіру

нөмір (БСН) немесе жеке

сәйкестендіру нөмірі (ЖСН))

____________________________

(электрондық мекенжайы, телефоны)

____________________________

(Мемлекеттік кірістер органның атауы)

 

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) өтініш

 

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 114-бабына сәйкес ақша сомасын қайтаруға (есепке жатқызуға) өтініш қабылдауды сұраймын_____________________________________________________________,

                                                            (сомасы жазбаша)

 

төлем құжатымен енгізілген №___________ «___» ___________202__ж.

 

кеден органының шотына ____________________________________________

                                                                        (МКБ, БСК, ЖСК атауы)

 

КНП_____________________________, КБЕ ______________________________

 

тауарларға арналған декларация бойынша кедендік баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ретінде № ___________________________________________________________________________________                  (тауарларға арналған декларация нөмірі)

 

келесі кедендік төлемдер мен салықтарға:

- КБК ____________/сомасы/;

- КБК ____________/сомасы/.

 

банк шотына _________________в_________________________________

                             (шот нөмірі)                           (банк атауы)

 

 

 

Басшы ____________/Т. А. Ә./

                  (қолы)

 

«__» _______202__ж.