- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 12.11.2024 08:28
Өзгертілген күні: 12.11.2024 08:31
Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені табыс ету тәртібі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16589 болып тіркелді
Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені табыс ету тәртібі
Еуразиялық экономикалық одаққа одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге әкелген кезде осындай алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын салық төлеуші алыс-беріс шикізаты есепке қабылданған айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орналасқан орны бойынша салық органына табыс етеді.
Егер міндеттемеде көрсетілген қайта өңдеу өнімдерін әкету мерзімі біткенге дейін қосымша келісіммен шартқа (келісімшартқа) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімін ұзарту туралы өзгерістер енгізілген жағдайда, онда салық төлеуші осындай өзгерістер бойынша бұрын табыс еткен Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені қайтарып алу жолымен бір мезгілде алдыңғы қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемеде көрсетілген мерзім өткенге дейін жаңа қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені табыс етеді.
Бұл ретте қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемеде (міндеттемелерде) көрсетілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізаты есепке қабылданған күннен бастап екі жылдан асып кетпеуі тиіс.
Қағаз тасығыштағы қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеме алыс-беріс шикізатын өңдеуді жүзеге асыратын салық төлеушінің орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органына екі данада табыс етіледі, оның бір данасы қабылдау туралы мемлекеттік кірістер органының белгісімен салық төлеушіге немесе оның уәкілетті өкіліне қайтарылады.
Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемеге:
1)алыс-беріс шикізатын әкелуді растайтын құжаттар:
алыс-беріс шикізатын әкелуді жүзеге асыруға негіз болған шарт (келісімшарт);
тауарға ілеспе құжаттар;
2) Салық кодексінің 449-бабының 8-тармағында көзделген тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы қоса беріледі.
Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемені табыс ету тәртібі
Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізатын әкеткен кезде осындай алыс-беріс шикізатын әкетуді жүзеге асырған салық төлеуші алыс-беріс шикізаты тиеп-жөнелтілген айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей орналасқан орны бойынша салық органына қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемені табыс етеді.
Егер міндеттемеде көрсетілген қайта өңдеу өнімдерін әкелу мерзімі аяқталғанға дейін қосымша келісіммен шартқа (келісімшартқа) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімін ұзарту туралы өзгерістер енгізілген жағдайда, салық төлеуші осындай өзгерістер бойынша бұрын табыс етілген қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемені кері қайтару жолымен бір мезгілде алдыңғы қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемеде көрсетілген мерзім өткенге дейін жаңа қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемені табыс етеді.
Бұл ретте қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемеде (міндеттемелерде) көрсетілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізаты есепке қабылданған күннен бастап екі жылдан асып кетпеуі тиіс.
Қағаз тасығыштағы қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеме алыс-беріс шикізатын өңдеуді жүзеге асырған салық төлеушінің орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органына екі данада табыс етіледі, бір данасы қабылдау туралы мемлекеттік кірістер органының белгісімен салық төлеушіге немесе оның уәкілетті өкіліне қайтарылады.
Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемеге:
алыс-беріс шикізатының әкетілуін растайтын құжаттар:
алыс-беріс шикізатын әкетуді жүзеге асыруға негіз болған шарт (келісімшарт);
тауарға ілеспе құжаттар.