Кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну
1. Қазақстан Республикасының салық және өзге мемлекеттік органдары кеден органының сұрау салуы бойынша ұйымдарды және дара кәсіпкерлерді тіркеуге, салықтарды төлеуге және есептеуге қатысты өзінде бар құжаттарды және мәліметтерді, бухгалтерлік есепке алу мен есептілік деректерін және (немесе) құжаттарын, сондай-ақ кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті, оның ішінде мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды) құрайтын өзге де құжаттар мен мәліметтерді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, ұсынады.




























