- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 21.11.2024 11:45
Өзгертілген күні: 21.11.2024 11:45
Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында мынадай салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеушілер болып табылады: тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, тұрақ орындары және өзге де құрылыстар, үй-жайлар, сондай-ақ жер учаскелері.
Осы салық салу объектілері бойынша салық базасы "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындайтын салық салу объектілерінің құны болып табылады.
Бірнеше салық салу объектілері бойынша бір жеке тұлға салық төлеуші болып табылған жағдайда, салық базасы әрбір объект бойынша жеке есептеледі.
Салық мөлшерлемесі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 531-бабында айқындалған.
Салықты есептеу салық кезеңі үшін (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін) салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, оның орналасқан жері бойынша әрбір салық салу объектісі бойынша жеке жүргізіледі.
Бірнеше жеке тұлғалардың ортақ үлестік меншігіндегі салық салу объектісі үшін салық олардың осы мүліктегі үлесіне пропорционалды түрде есептеледі.
Салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 529-бабының 2-тармағына Жезқазған, Қонаев және Семей қалалары бойынша тұрғын үйдің, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құнын
12 000 теңгеден 36 000 теңгеге дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер қолданысқа енгізілді.
2025 жылы 2024 жылға жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты есептеу жүзеге асырылатынын ескере отырып, Семей қаласының салық салу объектілерінің құнын есептеу кезінде тұрғын үйдің, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны мөлшерінде 36 000 теңге қолданылатын болады.