- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 03.12.2024 10:08
Өзгертілген күні: 03.12.2024 10:09
ЕАЭО Елдерінен тауар импорттык тәртібі
(2024 жылға қарай)
ЕАЭО тауарларын импорттау кезінде
1) Мемлекеттік шекарадан өтпес бұрын бастапқы ТІЖ шығару қажет:
1.1 Импорттауышы ТІЖ шығарады және оны ЭШФ АЖ-да сақтайды. Жүйе тағайындаған ТІЖ тіркеу нөмірін, жүргізушіге жіберуге болады. ТІЖ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін, теңгемен немесе шетел валютасымен де рәсімделеді. ТІЖ шетел валютасымен шығарған кезде ТІЖ шығарылған күнгі нарықтық баға қолданылады.
1.2 Шекарадан өткен кезде мемлекеттік кірістер органдарының инспекторы ТІЖ растайды және ТІЖ мәртебесін растады деген «МКО растады» күйіне өзгертеді.
1.3 Импорттаушы ТІЖ-ны растайды және статусын «Расталды» күйіне өзгертеді.
Импорт дегеніміз не және оған қандай салық салынады?
Импорт (қаралатын мәселе бөлінісінде)-бұл тауарларды ЕАОЭ мүше елдердің аумағына әкелу. Егер әкелінетін тауарлар ЕАЭО кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларациялауға жататын болса, онда оларға «салық салынатын импорт» ұғымы қолданылады. ҚР Салық кодексінің 422-бабына сәйкес, егер Қазақстан аумағына импорт ЕАЭО елдерінің аумағынан жүргізілсе, оған 12% мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынуға тиіс. Сонымен қатар, импорттаушы ҚҚС төлеуші ретінде тіркелген бе, жоқ па маңызды емес, бұл жағдайда салық төлеу жөніндегі міндет бойынша туындайды. ҚҚС-тан босатылған тауарлар, олардың тізбесі ҚР Салық Кодексінің 451-бабында көрсетілген.
Импортқа ҚҚС төлеу келесі айдың 20- күніне дейін, импорттаушының тіркелген жері бойынша ҚР ҚМ МКБ-да жүргізіледі, бірақ мұны импорт бойынша салық есептілігі тапсырылғанға дейін жасау керек, егер тауарды сатып алу/сату ҚР шегінен тыс жерде жүргізілсе, онда мұндай операциялар импорт болып танылмайды, сондықтан импортқа ҚҚС төлеу және есептілікті тапсыру бойынша міндеттер туындамайтынына назар аудару кажет. Егер тауар емес, қызметтер импортталатын болса,онда ҚҚС бойынша есепте тұрған салық төлеушілер бұл қызметтерді өткізу методы ҚР аумағы болған жағдайда ғана ҚҚС төлейді.
Импорттаушыға қандай есеп беру керек?
Тауарларды ЕАЭО аумағынан әкелу кезінде импорттаушы нысанды ұсынауға міндетті 328.00 ( тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініші). Есептілікті тапсыру мерзімі-келесі айдың 20-күніне дейін.