Жарияланған күні: 31.01.2025 11:46
Өзгертілген күні: 31.01.2025 11:47

Құрметті салық төлеушілер!

 

Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесін (СӘИЖ) әзірледі.

Қазіргі уақытта жаңа салық төлеушінің кабинетін қоса алғанда, функционал кезең-кезеңімен іске қосылуда.

«Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығын орындау үшін СӘИЖ жаңа салық төлеушінің кабинетінде трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілікті ұсыну мүмкіндігі іске асырылды.

СӘИЖ жаңа салық төлеушінің кабинетінде тіркелу үшін сілтеме бойынша өту қажет https://knp.kgd.gov.kz.

СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде тіркелу бойынша бейне нұсқаулықтар комитеттің Youtube каналында сілтеме бойынша орналастырылған https://youtu.be/zqNI6w5NJpw?feature=shared.

Құжаттармен және функционалдылықпен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтар СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз Қолдау қызметіне хабарласа аласыз:

  1. СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде тіркеу бойынша 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары бойынша;
  2. СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде функционалымен жұмыс істеу бойынша Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана аласыз.