- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 07.04.2025 17:52
Өзгертілген күні: 07.04.2025 17:54
Әлемнің барлық елдері «жемқорлық» сияқты зұлымдыққа тап болды. Оның үстіне қазіргі жағдайда сыбайлас жемқорлық бірте-бірте мемлекеттік проблемадан жаһандық проблемаға айналуда.
Сыбайлас жемқорлық –бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел әрекет етуді талап ететін қазіргі қоғамның келеңсіз құбылысы. Еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді, елдің имиджін, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа халықаралық қызығушылықты төмендетеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлық тек біздің мемлекетіміздің ғана емес, бүкіл әлемнің проблемасы болып табылады. Қазір барлық елдер, соның ішінде озық елдер, жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өз үлгілерін қайта қарауда, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы жаңа заңдар мен нормаларды қабылдауда.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің барлық салаларында кездеседі. Ол бүкіл қоғамға қатысты, және адам құқықтарының сақталмауы мен бұзылуына әкеп соғады.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық ашықтық пен тәуелсіздікті талап ететін қоғамның басты мәселесі деп ойлаймын. Бірде-бір мемлекет сыбайлас жемқорлықты толығымен жоя алмады, бірақ сыбайлас жемқорлық шегін төмендету мүмкін. Бұған мемелекеттік басқарудың ең жоғарғы деңгейінде үлкен көңіл бөлінуде.
Мемлекет өз тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлемдік стандарттарға сәйкес келетін тиімді институттары мен тектерін құру бағытын мақсатты және кезең-кезеңімен ұстанады.
Заңнаманың аталған жаңалықтарын іске асыру үшін жаңа мемлекеттік орган құрылды, оның жұмысы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро.
Біздің мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын ала ескерту және алдын алу бағытында мақсатты жұмыстар атқаруда. Қазақстан – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қабылдаған және осы мәселе бойынша халықаралық конвенцияларға қосылған алғашқы ТМД мемлекетінің бірі.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдістерінің бірі – заңды міндетті түрде сақтау. Азаматтардың санасында кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті дамыту қажет.
Абай облысы бойынша МКД «Бақты» к/б бас маманы Темиргалиева А.Б.