Жарияланған күні: 06.10.2025 15:44
Өзгертілген күні: 06.10.2025 15:46

Салық төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру  тәртібі 25.12.2017 жылғы  121-VI  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің  (әрі қарай Салық кодексі) 13 тарауында, 119 баппен қарастырылған.

Аталған бап нормалары бойынша, салық төлеушiнiң кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай:

      тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;

      тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң жүргізіледі.

      Салық төлеушiнiң кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операциясына қолданылады, тек Салық кодексінің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге жататын айыппұлдарды төлеу есебіне кейіннен аудару үшiн ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсырудан, сонымен бірге егер касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қатысты шығарылған болса, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенттердің қолма-қол ақшасын беруі жөніндегі операцияларға ғана қолданылмайды.

      Салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі салық төлеушінің түсетін қолма-қол ақшаны бюджетке аудару арқылы, қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей бұлжытпай орындауына жатады.

      Салық төлеуші Салық кодексінің 119 бабының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      Салық органы салық төлеуші бюджетке берешекті өтегеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.