Жарияланған күні: 22.02.2024 09:27
Өзгертілген күні: 22.02.2024 09:28

Электрондық сауда – интернет арқылы сауда және сатып алу қызметін жүзеге асыру. Электрондық сауда түсінігі мыналарды қамтиды: Ақпаратты, өнімдерді немесе қызметтерді онлайн ресурстар арқылы беру; Электронды түрде қызмет көрсету; Кәдімгі сауда әдістерін қолдана отырып онлайн ұйымдастыру

Пилоттық жобаның мақсаты:

салықтық әкімшілендіруде клиентке бағдарланған тәсілді қалыптастыру;

арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің қателіктерін болдырмау және салық міндеттемелерін орындауын оңайлату;

алық кезеңі ішінде салық жүктемесін біркелкі бөлу болып табылады.

Пилоттық жоба 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. Пилоттық жобаға қатысу ерікті болып табылады.

Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      оператор – Комитетке Пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш берген, сатушылармен электрондық сауда алаңы арқылы тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру құқығын беру туралы шарт жасасатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      пуш-хабарлама – Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде салықтарды төлеу қажеттілігі туралы серіктес-банктен келіп түсетін хабарлама;

      сатушы – электрондық сауда алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі немесе бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын серіктес-банкте есеп айырысу шоты бар және операторға пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш берген Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері;

      серіктес-банк – Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) Пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш берген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;

      тауарлардың электрондық саудасы – Қазақстан Республикасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жеке тұлғаларға интернет-алаңы арқылы ақпараттық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік іс-қимыл;

      электрондық сауда алаңы – тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру үшін интернет желісінде жұмыс істейтін ақпараттық жүйе, онда:

      сатып алушыларға тауарды сатып алуға (тапсырыс беруге) мүмкіндік беретін сервистер қолжетімді;

      сатып алушының төлем шарттары немесе сатып алушының төлемді ұйымдастыру шарттары орналастырылған;

      тауарларды сатып алушыға жеткізу шарттары немесе оларды сатып алушыға жеткізуді ұйымдастыру шарттары орналастырылған. 

      Пилоттық жобаның қатысушылары болып табылады:

      Комитет, оператор, сатушы серіктес-банк.

Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі

      Оператор/серіктес банк Пилоттық жобаға қатысу үшін Комитетке осы Қағидаларға  сәйкес нысан бойынша электрондық сауда алаңы арқылы тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш ұсынады.

     Сатушы Пилоттық жобаға қатысу үшін, оператор арқылы осы Қағидаларға  сәйкес нысан бойынша электрондық сауда алаңы арқылы тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) ұсынады

 Оператор Комитетке осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша сатушылардың кірістері мен қайтарылған тауарлардың сомасы туралы мәліметтерді, мәліметтер ұсынылатын айдан кейін әрбір айдың 25-і күнінен кешіктірмей ұсынады.

 Комитет оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі немесе бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданбайтын сатушылар анықталған жағдайда операторға сатушылар Пилоттық жобаға қатысу шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты, Пилоттық жобадан шығарып тастау туралы ақпаратты жолдайды.

Оператор пуш-хабарлама арқылы сатушыға қолданылатын салық режимінін Пилоттық жобаға қатысу шарттарына сәйкес еместігі және сатушыны Пилоттық жобадан шығару туралы хабарлайды.

 Комитет серіктес-банкілер пуш-хабарламаларды қалыптастыру үшін осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша сатушылармен бюджетке төленуге жататын салықтардың сомасы туралы мәліметтерді, оператормен мәліметтер ұсынылған айдан кейінгі айдың 1-і күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

Серіктес-банк салықтарды біркелкі төлеуді қамтамасыз ету мақсатында Комитет мәліметтерді ұсынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінде сатушыларға пуш-хабарламалар ұсынады.

Сатушы пуш-хабарламаларда көрсетілген салық сомаларын төлейді.

Салық кезеңінің 6 (алтыншы) айының қорытындысымен оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын сатушыларға пуш-хабарламалар жіберілмейді.

 Комитет осы Қағидаларға  сәйкес нысан бойынша "Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларациясы (910.00-нысан)" және "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларациясы (913.00-нысан)" салық есептіліктерінің нысандарын алдын ала толтыруды жүзеге асыру үшін серіктес-банктерге салық кезеңінің қорытындылары бойынша сатушылар кірісінің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді салық кезеңінен кейінгі 2-ші (екінші) айдың 1-і күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

 Серіктес-банк Комитеттен алынған мәліметтер негізінде "Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларациясы (910.00-нысан)" және "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларациясы (913.00-нысан)" ақпарат жүйелері арқылы алдын ала толтыруды қамтамасыз етеді.

Пилоттық жобаға қатысу Салық кодексінде белгіленген жағдайларда сатушылардың тәуекелдің төмен, орташа немесе жоғары дәрежелі санаттарына жатқызу арқылы оларды санаттарға бөлу кезінде оң әсерін тигізеді.