Жарияланған күні: 17.01.2024 17:34
Өзгертілген күні: 17.01.2024 17:35

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша 2023 жылдың 4 тоқсанына 870.00 нысандағы декларацияны тапсыру мерзімі 15 ақпанда аяқталатынын ескертеді.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес айқындалған I, II және III санаттағы объектілердің операторлары төлемақы төлеушілері болып табылады.

Сонымен қатар, IV санаттағы объектілердің операторлары төлемақы төлеушілер болып табылмайтындығын (оның ішінде ластанудың жылжымалы көздері бойынша) және осы төлем бойынша салық есептілігін ұсынбайтындығын жеткіземіз.

Сондай-ақ, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асыру нәтижесінде туындайтын қоршаған ортаға теріс әсер ететін салық төлеушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

Төлемақы ставкалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабында айқындалған және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күнінде қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерінде есептеледі.