Жарияланған күні: 22.02.2024 08:57
Өзгертілген күні: 22.02.2024 09:00

Салық кодексінің 1-бабының 1-тармағының 3-тармағына сәйкес әлеуметтік төлемдер – бұл Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдері мен аударымдар (бұдан әрі – Әлеуметтік төлемдер).

Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар әлеуметтік төлемдерді төлеушілер болып табылады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін және өз пайдасына есептелетін әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің жарналары, қызметкерлерге төленетін жарналар және медициналық сақтандыру қорына төленетін аударымдар, ай сайынғы табыстан Әлеуметтік кодексте және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мөлшерлемелер бойынша есептеледі. Есептеу объектісінен әлеуметтік төлемдердің есептелген сомаларын төлеушілер және агенттер әлеуметтік аударымдар төленген айды көрсете отырып, ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлеуге міндетті.

Төлеушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) белгіленген мерзімде жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны табыс етеді. Онда жеке табыс салығы және әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдердің есептелген және ұсталған сомалары туралы мәліметтер көрсетіледі.

Әлеуметтік төлемдердің толық және уақтылы төленуін бақылауды мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.

       Әлеуметтік төлемдердің уақытылы немесе толық көлемде төленбеген сомаларын мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады.

Мерзімінде төленбеген соманың ​​ әрбір күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұл саналады. (Қорға түскен күнін қоса алғанда).

Мемлекеттік кірістер органы Салық кодексінде көзделген тәуекелді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейіне жатқызылған әлеуметтік төлемдер бойынша берешек пайда болған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіге немесе агентке хабарлама жібереді.

         Әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі өтелмеген жағдайда салық органы төлеушінің немесе агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтатады. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлеушілердің немесе агенттердің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және әлеуметтік төлемдерді аударуға қатысты салық органының нұсқауларын орындауға міндетті.

Банк шоттары және төлеушiнiң немесе агенттiң бақылау-касса машинасын бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмдерiн осындай өкiмдi шығарған мемлекеттiк кiрiс органы әлеуметтiк төлемдер бойынша берешекті өтеген күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

          Берешекті өтемеген жағдайда төлеушілер немесе әлеуметтік төлем агенті берешекті өтеу туралы хабарламаны жіберген салық органына әлеуметтік төлем берешегі төленбеген қатысушылардың тізімдерін ұсынуға міндетті. Салық органы 5 жұмыс күнінен кешіктірмей борышкердің банк шоттарына төлеуші ​​немесе агент ұсынған тізімдерді қоса бере отырып, инкассалық өкім шығарады.

Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банк шоттарында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен клиенттің ақшасын алып қояды.

       Әлеуметтік кодекстің 256 бабының 8-тармағына сәйкес салық органдары әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар төлеушілер мен агенттердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Бұл ақпаратта, туындаған күннен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сомасын бар төлеушінің немесе агенттің сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, басқарушының аты көрсетіледі.

Сонымен қатар, әлеуметтік төлемдер сомаларын уақтылы немесе толық төлемеген (аудармаған) төлеушілер мен агенттер «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91,92,92-1 бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.