Жарияланған күні: 22.02.2024 09:36
Өзгертілген күні: 22.02.2024 09:38

Мемлекеттік баждың төленген сомаларын қайтаруды Салық кодексінің 108 бабына сәйкес Мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады.

Мемлекеттік баж салық төлеушілердің әр түрлі әрекеттері, операциялары, құжаттарды ресімдеу, уәкілетті мемлекеттік органдардан құжаттарды қабылдауы үшін бюджетке төленеді.

Мемлекеттік бажды төлеудің екі бюджеттік сыныптама коды бар:

108125 Республикалық бюджетке есепке алынатын мемлекеттік баж. Апостиль  және консулдық алым алу үшін мемлекеттік баж осы код бойынша төленеді.

Барлық басқа төлемдер бойынша мемлекеттік баж жергілікті бюджетке БКК 108126 арқылы есепке алынады. Бұл код төлем үшін қолданылады (Мысалы: некені тіркеу үшін, жеке куәлік алу үшін, туу туралы куәлік алу үшін және т.б.).

Мемлекеттік бажды бюджетке екінші деңгейлі банктер, сондай-ақ қазақстандық пошта бөлімшелері арқылы төлеуге болады. Төлемді банктік қосымшалар арқылы жасауға болады.

Егер уәкілетті орган қаражатты пайдаланбау, мысалы, мәміле жасаудан бас тарту немесе мәмілені аяқтамау туралы растауды ұсынса, мемлекеттік баждың шектен тыс төленген сомалары деп есепке алынады. Растау электронды түрде де, қағаз түрінде де беріледі.

Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтару салық төлеуші ​​берген салықтық өтініш және тиісті мемлекеттік органның қайтарудың заңдылығын растайтын құжаты негізінде мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады.

Сондай-ақ, мемлекеттік баж сомасын қайтару заңды күшіне енген сот шешімдері негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бажды уәкілетті органдар алатындықтан, сондай-ақ біздің төлем нұсқаулығымызда төлем құжаты (түбіртек) көрінбейді және не үшін, қандай операциялар немесе қызметтер үшін төленгенін көрсетпейді. Сондықтан салық төлеушілер мемлекеттік бажды қайтару кезінде уәкілетті органның растайтын құжатын ұсынуы қажет, мәміледен бас тартылса немесе басқа себептермен сома пайдаланылмаса.

Мемлекеттік баждың төленген сомасын қайтару үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы бұйрығына 15-қосымшаға № 60 «Салық өтініштерінің нысандарын бекіту туралы» нысан бойынша салық өтініші және қайтаруға растайтын құжаттар қосымша төлеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органына жіберіледі.

Мемлекеттік бажды қайтару туралы салықтық өтінішті мыналар арқылы электронды түрде алуға болады:

  -мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеуші ​​кеңсесі» веб-қосымшасы,

- «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz),

- жеке тұлғаларға арналған «e-Salyk Azamat> мобильді қосымшасы

немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ арқылы қағаз жеткізгіште растайтын құжаттар қосымшасымен қоса ұсынылады.

Тақырыптан сәл ауытқып кетейін,

E Salyk Azamat мобильді қосымшасына келетін болсақ, онда сіз қарызды көре аласыз, салықтарды есептей аласыз және ең бастысы, жалпы декларацияға байланысты, ф.250.00, 270.00 есептерін бере аласыз.

Сондай-ақ , E Salyk Business мобильді қосымшасы бар, онда сіз өз хабарламаларыңызды, қарыздарыңызды тексере аласыз, сонымен қатар жеке кәсіпкерді тіркеу туралы біле аласыз. Есептерді жіберіп және чектер шығара аласыз. Жеке кәсіпкерлер үшін мобильді қосымшаның және оңайлатылған декларацияның ерекше режимі бар.

Одан әрі мемлекеттік баж тақырыбына келетін болсақ, мынаны қосқым келеді

Мемлекеттік кірістер органы мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды, қайтару туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде жүргізеді.

Мемлекеттік бажды қайтарудың ескіру мерзімі төленген күннен бастап 3 жылды құрайды.

Мемлекеттік баж келесі жағдайларда қайтарылмайды:

1) егер талапкер өз талабынан бас тартса,

2) егер талапкер өз талаптарын азайтса,

3) сот бұйрығының күші жойылған жағдайда.

Салық төлеушінің шотына қайтару кезінде 20 таңбалы шот ағымдағы болуы керек, мемлекеттік баж сомасы арнайы шотқа қайтарылмайды.

Қазіргі уақытта «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлемдерді төлеу туралы ақпарат екінші деңгейлі банктерден алынатын «электрондық үкіметтің» Төлем шлюзі (ЭҮТШ) енгізілді. Сондықтан төлем сомасын төлеу туралы ақпарат талап етілмейді.

Барлық мемлекеттік органдарды осы ШЛЮЗ-ға қосқаннан кейін салық төлеушіге соманың мемлекеттік бажды қайтаруға жұмсалмағанын растайтын құжатты ұсынудың қажеті болмайды.