Жарияланған күні: 06.03.2024 12:41
Өзгертілген күні: 06.03.2024 12:42

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылдың 03 ақпаннан «Өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2024 жылғы 19 қантардағы № 9 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге өңделмеген балықты шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілді хабарлайды. Өңделмеген балықтарға жатады:

  • өзге де балғын немесе салқындатылған балық (көксерке) (ЕАЭО СЭҚ ТН 0302891070 коды);
  • кларий (африкалық) жайын балығын қоспағанда, балғын немесе салқындатылған жайын балық (ЕАЭО СЭҚ ТН 0302720000 коды);
  • кларий (африкалық) жайын балығын қоспағанда, мұздатылған жайын (ЕАЭО СЭҚ ТН 0303240000 коды);
  • өзге де тұщы су балықтарын, мұздатылған (көксерке) (ЕАЭО СЭҚ ТН 0303891070 кодынан).

Сонымен қатар, уәкілетті орган өкілдері кедендік рәсімдерді ресімдеу кезінде әртүрлі түсіндірулерді болдырмау мақсатында СЭҚ ТН кодынан 0302891070, 0303891070, көкскерке жасалған мұздатылған өніміне (арнайы кесілген ұшасы, бөлігі, қабаты, басы кесілген қабаты, жоны, төсі), сондай-ақ СЭҚ ТН 0302720000, 0303240000 кодынан жайын мұздатылған өніміне (арнайы кесілген ұшасы, бөлігі, қабаты, басы кесілген қабаты, жоны, төсі) бөлінген шектеу шаралары қолданылмайды, өйткені мұздатылған балық өнімдерінің аталған бөлінген түрлері қайта өңдеу өнімдері болып табылады.