Жарияланған күні: 26.01.2024 08:33
Өзгертілген күні: 26.01.2024 08:36

2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінде  (ары  қарай Салық кодексі)  мәжбүрлеп өндіру шаралары бойынша айтарлықтай өзгерістер орын алған жоқ.

Өзгеріс Салық кодексінің «Салықтарды, мемлекеттік бажды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту. Салықтық міндеттемені тоқтату негізі. Инвестициялық салық кредиті»  деп аталатын 6-тарауында орын алды. Ол өзгеріс Салық кодексінің 51-2 «Соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру тәртібі мен шарттары» бабында көрсетілген.  

       Мемлекеттік баж төлеу бойынша мерзімдерді өзгерту сот мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарған кезде мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру нысанында жүзеге асырылады.

       Соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру жеке тұлғаның мүліктік жағдайы немесе ірі кәсіпкерлік субъектісін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық жағдайы негізге алына отырып, мемлекеттік баж төлеу мерзімінің өзгеруін білдіреді.

      Кейінге қалдыру осы бапта көзделген негіздер болған кезде сот мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарған күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

      Бұл ретте жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік баж сомасын кейінге қалдыру мерзімі аяқталғанға дейін ішінара және (немесе) мерзімінен бұрын төлеуге құқығы бар.

       Кейінге қалдыру мүліктік жағдайы негізге алына отырып, жеке тұлғаға немесе ірі кәсіпкерлік субъектісін қоспағанда, қаржылық жағдайы негізге алына отырып, заңды тұлғаға осындай жағдайы талап қоюды беру кезінде мемлекеттік баж төлеуге мүмкіндік бермейтін болса, алайда оны төлеу мүмкіндігі келесідей негіздердің бірі:

       1) дүлей зілзаланың, технологиялық апаттың салдарынан нұқсан келтіру;

       2) жеке тұлғаға жалақыны уақтылы төлемеу;

       3) жұмыссыз адам ретінде есепке қою;

       4) жеке тұлғаның ауыр сырқатының болуы және үш айдан артық емдеуде болуы;

       5) заңды тұлғаға берілген тауар, орындалған жұмыстар, ол көрсеткен қызметтер үшін ақша төлемеу;

      6) заңды тұлғаның тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өндірудің және (немесе) өткізудің маусымдық сипаты;

      7) атаулы әлеуметтік көмек беру болған кезде кейінге қалдыру берілетін мерзім ішінде туындайды деп пайымдауға жеткілікті негіздер болғанда берілуі мүмкін.

      Соттар мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін істерді қарау орны бойынша салық органдарына мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы ұйғарымның көшірмесін жібереді.