Жарияланған күні: 26.01.2024 08:23
Өзгертілген күні: 26.01.2024 08:27

Салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға қатысты салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушiлер санаттарын бекіту туралы

Осы Салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері, сондай-ақ оларға қатысты салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушілер санаттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 157-бабын іске асыру мақсатында әзірленді. Осы қағидалардың ережелері:

      оның ішінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомаларының дұрыстығын растау мәселесі бойынша және мыналардың:

      қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша қосылған құн салығының декларациясындағы салық төлеуші талабының;

      Салық кодексінің 432-бабының 1 немесе 2-тармақтарын қолдануға байланысты ұсынылатын қосылған құн салығының асып кетуінің дұрыстығын растау үшін салық төлеушінің салық өтінішінің негізінде салық төлеушіге қатысты жүргізілетін тақырыптық тексерулерді;

      2) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдануға байланысты, сондай-ақ бейрезиденттің осындай салық өтінішін қайта қарау туралы жүгінуіне байланысты бейрезиденттің бюджеттен табыс салығын қайтаруға салық өтінішінің негізінде тексерулерді қоспағанда, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелуі, ұсталуы, аударылуы, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың және өсімпұлдардың есептелуі және төленуі бойынша сомаларды есептеуге, шығындарды азайтуға әкеп соқтыратын салықтық тексерулерге қолданылады.

Салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша (бұдан әрі – алдын ала акті) нормалар:

      1) салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге;

      2) инвестициялық келісімшарттар жасаған салық төлеушілерге;

      3) алдын ала акті бойынша оларға есептелетін салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеу және төлеу бойынша міндеттемелер сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерінен асып кеткен салық төлеушілерге қолданылады.

     

Салық төлеушіге (салық агентіне) алдын ала акті салықтық тексеруді жүргізу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күн бұрын жеке қолын қойдырып табыс етіледі.

      Алдын ала актімен бір мезгілде салықтық тексеруді тоқтата тұру туралы хабарлама табыс етіледі.

     Салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша жоқ болуына байланысты алдын ала актіні оған табыс ету мүмкін болмаған кезде куәгерлерді тарта отырып, салықтық зерттеу жүргізіледі.

 Алдын ала актіге жазбаша қарсылық салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органына алдын ала актіні табыс еткен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, келу тәртібімен ұсынылады.

     Осы Қағидалардың қосымша мәліметтер жинау болмаса, оны алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Жазбаша қарсылықта:

      1) салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының атауы;

      2) салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы және (немесе) жазбаша қарсылықты беретін Салық кодексінің 16-бабына сәйкес заңды не уәкілетті өкілінің толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

      3) сәйкестендіру нөмірі;

      4) салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылыққа қол қойған күні;

      5) жазбаша қарсылықты беретін тұлғаның осы мән-жайларды растайтын өзінің талаптары мен дәлелдемелері негізделген мән-жайлар;

      6) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі қамтылады.

Салық төлеуші (салық агенті) бұрын берген жазбаша қарсылығын кері қайтарып алуға құқылы.

       Мынадай:

      1) осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімде, оның өткен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша қарсылықты ұсынбаған;

      2) жазбаша қарсылықты кері қайтарып алуды мемлекеттік кірістер органы алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша қарсылықты кері қайтарып алған;

      3) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген салықтық зерттеу актісі жасалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде салықтық зерттеу нәтижелері бойынша салық төлеуші орналасқан жерінде болмаған жағдайларда, салықтық тексеру Салық кодексінің 18-тарауында белгіленген тәртіппен аяқталуға жатады.

      Бұл ретте осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, салықтық тексеру аяқталғанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) Салық кодексінің 146-бабында белгіленген тәртіппен салықтық тесеруді жаңарту туралы хабарлама табыс етіледі.

       Осы Қағидалардың сұрау салуды мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушіге және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға және (немесе) өзге де ұйымдарға, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер органдары Комитетке жолдаған жағдайда, жазбаша қарсылықты қарау мерзімі, бірақ күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

      Жазбаша қарсылықты қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы салық төлеушіге (салық агентіне) сұрау салуды жолдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарланады.

     Салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушінің жазбаша қарсылығын қарау қорытындысы бойынша салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы жазбаша қарсылық бойынша қабылданған шешімді, соның ішінде осы Қағиданың 14-тармағында қарастырылған Комитеттің жауабын ескере отырып, салықтық тексеру актісін жасайды.

      Салықтық тексеру Салық кодексінің 18-тарауында белгіленген тәртіппен аяқталады.