Жарияланған күні: 06.03.2024 12:44
Өзгертілген күні: 06.03.2024 12:45

Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында мынадай салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеушілер болып табылады: тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, тұрақ орындары және өзге де құрылыстар, үй-жайлар, сондай-ақ жер учаскелері.

Осы салық салу объектілері бойынша салық базасы "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы  есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындайтын салық салу объектілерінің  құны болып табылады.

Бірнеше салық салу объектілері бойынша бір жеке тұлға салық төлеуші болып табылған жағдайда, салық базасы әрбір объект бойынша жеке есептеледі.

Салық мөлшерлемесі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Кодексінің 531-бабында айқындалған.

Салықты есептеу салық кезеңі үшін (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін) салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, оның орналасқан жері бойынша әрбір салық салу объектісі бойынша жеке жүргізіледі.

Бірнеше жеке тұлғалардың ортақ үлестік меншігіндегі салық салу объектісі үшін салық олардың осы мүліктегі үлесіне пропорционалды түрде есептеледі.

Салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.