Date of publication: 14.02.2023 12:46
Date of changing: 14.02.2023 12:48

Сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемасы біздің қазіргі заманғы қоғам мен мемлекеттің жұмыс істеу кезеңіндегі ең бір өзекті және көкейтесті мәселесі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық деңгейінің өсуі ұлттық, экономикалық қауіпсіздікке қауіп туғызады, себебі ол әлеуметтік-экономикалық реформаның бәсеңдеуіне алып келеді.

Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің барлық салаларына жағымсыз әсер етеді.

Сыбайлас жемқорлық нәтижесінде, қоғамда мемлекеттік қызметкерлердің, соның ішінде мемлекеттік кірістер органдарының төменгі деңгейлі құзыреттілігі туралы стереотип туындайды, бұл мемлекеттік биліктің беделін төмендетуге әсер етеді.

Осыған байланысты, Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (бұдан әрі-Департамент) ұдайы негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар жүргіліп отырады, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын түсіндіру бойынша облыстағы аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына шығу жұмыстары жүзеге асырылады, мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықтың жасалуына жағдай жасайтын себептер мен  факторларды анықтау мақсатында, сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін сауланамалар жүргізіліп отырады.