- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 17.01.2024 17:24
Date of changing: 17.01.2024 17:25
Осы ақпарат жеке тұлғаларға, жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінің декларанттарына, активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (бұдан әрі – Декларация) ұсынуға көмектесу үшін дайындалған.
Декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде ұсынады.
Декларация 2023 жылғы 31 желтоқсанға жасалады.
Үшінші кезең декларанттарына мыналар жатады:
- Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;
- Жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары;
- 2023 жылы жұмысқа қабылданған және 2024 жылғы 1 қаңтарда болып табылатын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері және олардың жұбайлары.
МАҢЫЗДЫ!!!
- Декларацияны дербес ұсынбас бұрын, Сіз жеке кәсіпкер екеніңізді немесе қызметін тоқтатқан заңды тұлғаның басшысы екеніңізді немесе сенімсіз салық төлеушілер тізімінде екеніңізді мына сілтемелер арқылы тексеріңіз:
https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search_unreliable/list
https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search_unreliable
https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search/entrepreneur
- «Кіріс» декларациясында нені көрсету керек?
Декларацияда шетелдегі мынадай активтерді:
- жылжымайтын мүлік, жер учаскелерін;
- көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелерді;
- әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді;
- ҚР тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін;
- шетел банкіндегі банктік шоттардағы барлық банктік салым бойынша жиынтық сомасы 1000 АЕК (3 450 000 тг) асатын ақшаны көрсету керек.
Сондай-ақ декларацияда Қазақстандағы немесе шетелдегі мынадай мәліметтерді көрсету қажет:
- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды;
- бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдарын;
- цифрлық активтерді;
- инвестициялық алтынды;
- зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілерін;
- 10 000 АЕК-ке дейін (34 500 000), оның ішінде банк ұяшықтарындағы қолма-қол ақшаны;
- жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған қарыз шарттарын көрсету керек.
Қалауы бойынша құны 1000 АЕК (3 450 000 тг) асатын кез келген мүлікті – мәдени құндылықтарды, қымбат заттарды, антиквариатты, биологиялық активтерді, т.б. көрсетуге болады. Көрсетілетін мүлік 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Бағалау құны болған кезде декларацияланады. Бұл ретте бағалауды декларация табыс етілген сәтке дейін (2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей) жасау қажет.
3. Декларация толтырылғанға дейін Сіз декларациялауға жататын Қазақстандағы жекелеген мәліметтердің анықтығын мынадай сайттарға дербес өту арқылы тексере аласыз:
1) бағалы қағаздары бойынша https://portal.kacd.kz;
2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша https://homeportal.kz;
3) зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz; https://newcab.kazpatent.kz;
4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu;
5) қарыз шарттары бойынша Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу жолдау қажет.
Егер Сіз мәліметтердің анықтығымен келіспесеңіз, тікелей уәкілетті органға жүгінуіңіз керек:
бағалы қағаздар бойынша – «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (тел. 8 777 780 6643, ccmail@kacd.kz );
үлестік қатысу бойынша – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (тел. 8(7172)576471, 576150, 576479 «E-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы);
зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық бойынша – ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (тел. 87172 621511, 621514 kazpatent@kazpatent.kz)
сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша – «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ ( kence_nao@gov4c.kz, 1414)
қарыз шарттары бойынша - Республикалық нотариаттық палата (тел. 8 (7172) 50 88 26 , 8 (7172) 50 88 34 ).
4. Активтер мен міндеттемелер туралы жоғарыда көрсетілген мәліметтер нақтыланғаннан кейін осы мәліметтер Декларацияда көрсетілуі қажет.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру бойынша қадамдық нұсқаулық (250.00-нысан) мынадай сілтемелер бойынша орналастырылған:
https://youtu.be/A5vPs_y9DY0?feature=shared
https://youtu.be/33MzJR1DL6I?feature=shared
Декларацияны ұсыну тәсілдері:
- e-Salyk Azamat, eGov mobile, Halyk мобильді қосымшалары;
- eGOV, moldir.goldau.kz web-порталы;
- cabinet.salyk.kz сайтындағы Салық төлеушінің кабинеті.
Сұрақтар туындаған жағдайда Сіз 1414 Байланыс орталығына не мына телефон нөмірлері бойынша жүгіне аласыз:
Абай облысы бойынша МКД 8 (7222) 362222, 87028587171, 87779907055
Семей қаласы бойынша МКБ
Курчатов қаласы бойынша МКБ
Абай ауданы бойынша МКБ
Аягөз ауданы бойынша МКБ
Ақсуат ауданы бойынша МКБ
Бесқарағай ауданы бойынша МКБ
Бородулиха ауданы бойынша МКБ
Жарма ауданы бойынша МКБ
Көкпекті ауданы бойынша МКБ
Үржар ауданы бойынша МКБ