Date of publication: 07.06.2024 17:54
Date of changing: 07.06.2024 17:56

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияда (270.00-нысан) көрсету үшін ақпарат тізбесі қысқарды.

Төлем көзінен салық салынатын кірістерді (жалақы, депозиттер бойынша сыйақылар, зейнетақы төлемдері және т.б.) және Қазақстан Республикасында тіркелген мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз алу туралы ақпаратты көрсету қажеттілігі алынып тасталды.

Бұдан басқа, жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияда (270.00-нысан) мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсету жөніндегі міндет "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген жеке тұлғаларға ғана жүктелген, атап айтқанда:

- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары;

- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары;

- лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары;

- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары.

Қазіргі уақытта жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00-нысан) және оны жасау қағидалары бекітілді, 270.00-нысанын мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде іске асыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00-нысан) тапсыру мерзімінің басталуына байланысты Сіз қолданыстағы 270.00 нысаны бойынша міндеттемені орындауға құқылысыз.

Егер 2024 жылы "қабылданған" және "бөлінген" мәртебесі бар жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00-нысан) ұсынылса, онда 270.00 нысанындағы декларацияны ақпараттық жүйеде іске асырылғаннан кейін қайта тапсырудың қажеті жоқ екенін білу маңызды.

Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) 2024 жылы 2021-2023 жылдар аралығында жеке тұлғаның активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны (250.00-нысан) ұсынған барлық жеке тұлғалар ұсынады.

Ұсыну мерзімі - 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

Салық декларациясын электронды түрде және қағаз жеткізгіште (ХҚКО-ларға, мемлекеттік кірістер органдарына немесе пошта бөлімшелері арқылы) ұсынуға болады.

Халыққа ыңғайлы болу үшін салық төлеушінің кабинеті арқылы декларацияларды тапсыру бойынша электрондық сервистер (cabinet.salyk.kz), веб-портал (Moldir.qoldau.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) және «Е-Salyq Azamat», eGov mobile, Halyk, bcc.kz (Центркредитбанк), Kaspi.kz  мобильді қосымшалары іске асырылды.