- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 21.11.2024 11:38
Date of changing: 21.11.2024 11:39
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге ЕАЭО елдерімен шекарадағы "Ауыл", "Қоянбай", "Жезкент" және "Байтанат" автомобиль өткізу пункттерінде "CarGoRugsat" электрондық кезегі жұмыс істейтіні туралы хабарлайды.
Жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль өткізу пункттері арқылы шығуды жоспарлайтын тасымалдаушыларға "CarGoRugsat"қосымшасы арқылы электрондық кезектен орын брондауы қажет. Кезекке тұру үшін Сізге:
- https://cgr.goldau.kz/ru/start сайты «CarGoRugsat» қосымшасына кіру және тіркелуден өту;
- "Өткізу пунктін" тандап, ары қарай шекарадан өту күні мен уақытын көрсету және автокөлік пен жүргізуші туралы деректерді толтыру қажет;
- "Менің өтуім" қойындысында сапарлардың электрондық кезектері көрсетілген, қалаған сапарды таңдап, QR-кодын жүктей аласыз.
"CarGoRugsat" электрондық кезек жүйесінің міндеті тасымалдаушыларға кезекті алдын ала брондау және ақпараттық жүйелерде қажетті құжаттарды тексеруді автоматтандыру мүмкіндігін беру болып табылады.




























