- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 17.01.2024 17:12
Өзгертілген күні: 17.01.2024 17:15
Мемлекет басшысы, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін салық кодексіне түзетулерге қол қойды.
Мәселен, салық кодексі соттарда мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру тәртібі мен шарттарын айқындайтын 51-2-баппен толықтырылды.
Мемлекеттік бажды төлеу жөніндегі мерзімдерді өзгерту сот мемлекеттік бажды төлеуді кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарған кезде мемлекеттік бажды төлеу бойынша кейінге қалдыру нысанында жүзеге асырылады.
Соттарда мемлекеттік бажды төлеу бойынша кейінге қалдыру ірі кәсіпкерлік субъектісін қоспағанда, жеке тұлғаның мүліктік жағдайына немесе заңды тұлғаның қаржылық жағдайына сүйене отырып, мемлекеттік бажды төлеу мерзімінің өзгеруін білдіреді.
Кейінге қалдыру сот мемлекеттік бажды төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарған күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Бұл ретте жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік баж сомасын кейінге қалдыру мерзімі аяқталғанға дейін ішінара немесе мерзімінен бұрын төлеуге құқығы бар.
Сондай-ақ, талап қою кезінде мемлекеттік бажды төлеуге мүмкіндік бермейтін қаржылық жағдайға сүйене отырып, ірі кәсіпкерлік субъектісін қоспағанда, жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға кейінге қалдыру оның мүліктік жағдайына қарай берілуі мүмкін, алайда оны төлеу мүмкіндігі берілген мерзім ішінде пайда болады деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар мынадай негіздердің бірі болған кезде кейінге қалдыру:
1) дүлей зілзаланың, технологиялық апаттың салдарынан залал келтіру;
2) жеке тұлғаға жалақыны уақтылы төлемеу;
3) жұмыссыз адам ретінде есепке қою;
4) жеке тұлғаның ауыр сырқатының болуы және емделуде үш айдан астам болуы;
5) заңды тұлғаға жеткізілген тауар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақша төлемеу;
6) заңды тұлғаның тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өндіруінің және (немесе) өткізуінің маусымдық сипаты;
7) атаулы әлеуметтік көмек көрсету.
Соттар мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін істерді қарау орны бойынша салық органдарына мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру туралы ұйғарымның көшірмесін жібереді.




























