- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 14.02.2023 14:13
Өзгертілген күні: 14.02.2023 14:15
Төлеушілер
Дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;
2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
3) қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді (ары қарай - БЖТ) төлеушілер деп танылады.
БЖТ төлеушінің 3 тармақта көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алатын кірісінің күнтізбелік жылдағы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1175 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Мыналар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды:
- коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде меншік, жалдау, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы объектілердің аумағында осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;
- тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беретін адамдар;
- жеке практикамен айналысатын адамдар (такси жүргізушісі БЖТ төлеушісі болып табылмайды);
- оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
- дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар.
Жеке тұлғалар БЖТ төлеу жүргізілген күннен бастап мұндай төлемді төлеу жүргізілген айдың соңғы күніне дейін БЖТ төлеушілер деп танылады.
Бірыңғай жиынтық төлемді есептеу мен төлеу тәртібі
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің төленуге жататын сомалары бірыңғай жиынтық төлемге қосылады.
Бір айдағы бірыңғай жиынтық төлем сомасы республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада - айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерін және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерін құрайды.
Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.
Бірыңғай жиынтық төлем төлеушінің тұрғылықты жері бойынша, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аудару жолымен жалпы сомамен төленуге жатады.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірыңғай жиынтық төлем шеңберіндегі құзыреті
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі базасында бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды жүргізеді;
2) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды жаңартып отырады;
3) бірыңғай жиынтық төлемнің сомасын бөледі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджетке аударады;
4) бірыңғай жиынтық төлемнің қате (артық) төленген сомаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайтаруды жүзеге асырады.
2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын орталық мемлекеттік органдар қатарынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.
Өндірістік емес төлемдер басқармасы