- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 03.12.2024 10:13
Өзгертілген күні: 03.12.2024 10:15
Борышкердің банктік шоттарынан берешекті өндіріп алу
Борышкердің банктік шоттарынан берешекті өндіріп алу Салық кодексінің 116 бабының 2 тармағына сәйкес, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі ретінде, салық төлеуші-заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын тұлғаның банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру түрінде қолданылады.
Салық кодексінің 118 бабының 3тармағына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес санатқа жатқызылған салық берешегін өтемеген жағдайда келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
салық төлеушінің тәуекел деңгейі жоғары болса, - салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылған күннен бастап 1 жұмыс күні өткен соң;
салық төлеушінің тәуекел деңгейі орта болса, - салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылған күннен бастап 10 жұмыс күні өткен соң;
Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық органының өкімінде (бұдан әрі - Өкім) салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы көрсетілген салық берешегінің сомасы шегінде жүргізіледі. Ол Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша шығарылады. Өкім екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - ЕДБ) алған күннен бастап күшіне енеді.
Өкімді салық органы ЕДБ-ге, қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда телекоммуникациялар желісі арқылы арқылы жіберіледі, ол уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілеген форматтарға сәйкес қалыптастырылады.
Салық төлеушінің банктік шоттары бойынша Өкімді ЕДБ сөзсіз орындауға жатады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады.
Салық кодексінің 118 бабының 4-1 тармағына сәйкес салық төлеушінің Өкімде көрсетілген салық берешегінің сомасын өтеуі ЕДБ-ні, осындай салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын қайта бастау үшін негіз болып табылатынынына ерекше назар аударған жөн.
ЕДБ салық берешегін өтеген күні салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының Өкімі жойылғанға дейін банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын қайта бастайды.
Салық органының Өкімінің күші, шығыс операцияларын тоқтата тұру себептері жойылған күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірмей жойылды.
Салық төлеушінің банктік шоты жабылған жағдайда ЕДБ, шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді салық төлеушінің банктік шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге тиісті салық органына қайтарады.