- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 15.05.2024 12:40
Өзгертілген күні: 15.05.2024 12:43
Этикалық нормалар мен стандартты сақтау туралы
Этикалық нормаларды сақтау мемлекеттік қызмет жүйесінде ерекше орын алады. Мемлекеттік қызметшілердің мәдениеті мен мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған қағидалар мен нормаларды айқындау мақсатында 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) бекітілді.
Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметтің жаңа Әдеп кодексін әзірлеу, сондай-ақ әдеп мәселелері жөніндегі уәкіл лауазымын енгізу арқылы жаңа әдеп қағиадаларын енгізу міндетін қойды. Осы тапсырманы іске асыру қорытындысы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекетік қызметшілерінің жаңа Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағиадалары) болды.
Әдеп кодексі қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық, сондай-ақ көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу айқындалған. Әдеп кодексінің нормалары мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетіне қойылатын ерекше, бірақ орындалатын талаптарды айқындайды.
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметкерді үнемі сынайды. Сондықтан мемлекеттік қызметшілер өздерінің кішіпейіл мінез-құлқымен, жауапкершілігімен, кәсібилігімен қоғамның мемлекеттік қызметке, тұтастай мемлекетке және оның инститтутарына деген сенімін сақтап, нығайтуы қажет. Әдеп кодексінде әдеп нормаларының бұзылуына әкеп соғатын және сыбайлас жемқорлық құбылыстары кезінде туындайтын жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар көзделген.
Сондықтан бүгінде мемлекеттік қызметшілердің жұмысына, іс –әрекетіне және қызметтік этикасына тиісті бақылау жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттің бет-ейнесі болып табылады және қоғам алдында қоғамдық орындарда үлгілі мәнез-құлықтың үлгісі болуға тиіс.