Жарияланған күні: 22.02.2024 08:53
Өзгертілген күні: 22.02.2024 08:54

Жеке пайдалануға арналған тауарлар – Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы халықаралық пошта жөнелтілімдерінде не өзге де тәсілмен жөнелту жолымен ілеспе немесе ілеспейтін багажда өткізілетін жеке, отбасылық, үй және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де жеке тұлғалардың мұқтаждарына арналған тауарлар.

Еріп жүретін багаж – жеке тұлғаның Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына іс жүзінде кіру немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан шығуы кезінде ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қол жүгін қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар.

Кедендік баждарды, салықтарды төлемей 2023 жылғы 1 сәуірге дейін құны 1 000 еуроға баламалы сомадан аспайтын және (немесе) салмағы 31 кг-нан аспайтын, ал 2023 жылғы 1 сәуірден бастап құны 500 еуро және (немесе) салмағы 25 кг аспайтын баламалы сомадан аспайтын автомобиль, теміржол, су көлігімен немесе жаяу жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелуге болады.

Жоғарыда аталған тасымалдау нормалары тек жеке пайдалануға арналған тауарларға қолданылады.

Жеке тұлғаларға ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізетін, жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызылмаған және оларды кәсіпкерлік қызметте пайдалану мақсатында әкелінетін тауарларға қатысты жоғарыда көрсетілген тасымалдау нормалары қолданылмайды.

Мұндай тауарлар жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілуге жатады.

ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызуды кеден органы мыналарды негізге ала отырып, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып жүзеге асырады:

  • жеке тұлғаның ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар туралы жолаушылар кедендік декларациясын пайдалана отырып, ауызша нысанда немесе жазбаша нысанда өтініші;
  • тауарлардың сипаты мен саны;
  • жеке тұлғаның ЕАЭО кедендік шекарасын кесіп өту және (немесе) тауарларды ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы осы жеке тұлғаның немесе оның атына өткізу жиілігі.

Жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто және мотокөлік құралдары мен авто және мотокөлік құралдарына тіркемелердің жекелеген түрлерінің тізбесі еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 30.06.2017 жылғы №74 шешімінде келтірілген.

Жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарға қарамастан жеке пайдалануға арналған тауарларға мынадай тауарлар жатпайды:

  • Кедендік транзитің кедендік рәсімін қоспағанда, жеке тұлға өздеріне қатысты кедендік рәсімдермен орналастыру үшін кедендік декларациялауды жүзеге асыратын тауарлар.
  • Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімімен айқындалатын тауарлар санаттары (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсанындағы №107 шешіміне 6 қосымша).

Шетелдік жеке тұлғалар одақтың кедендік аумағында болған кезеңінде кедендік баждарды, салықтарды төлемей-ақ жеке пайдалануға арналған пайдаланылған тауарларды әкеле алады.

Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды жолаушылар кедендік декларациясын пайдалана отырып кеден органы өтеусіз негізде жүзеге асырады.