- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 07.06.2024 17:45
Өзгертілген күні: 07.06.2024 17:47
Кедендік жете тексеруді (қарап тексеру) төмендегі көрсетілген жағдайда жүргізіледі:
Кедендік жете тексеру жүргізуді көздейтін автоматтандырылған тәуекелді басқару жүйесінде кездейсоқ іріктеу әдісі немесе тәуекел бейінінің іске қосылуы;
Жөнелтуші кеден органы ИТК қолдануымен жүргізген кедендік бақылаудың нәтиже бойынша басып шығарылған рентген суреттерінің оң жақ бетіне қойылған "ИТК бақылауы күдікті" деген мөртаңбасының болуы, және/немесе мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріне кедендік жете тексеруді жүргізуді қажет ететін мәліметтердің болуы;
Еуразиялық экономикалық одағының (бұдан әрі - ЕАЭО) немесе кедендік мақсаттарда ақпаратпен алмасу туралы халықаралық келісімдер бар шетелдердің, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарынан ықтималды тәуекел (бағдарлар) туралы ақпараттардың болуы.
Кедендік тексеріп қарау жүргізу алдында уәкілетті лауазымды тұлға, егер бұл тұлғалар белгілі болса, декларантқа немесе тауарға қатысы өкілеттігі бар өзге тұлғаға кедендік тексеріп қарау жүргізілетін орны және уақыты туралы, хабарламаны алу фактісін растауға мүмкіндік беретін кез-келген тәсілмен хабардар етеді.
Ұсынылған тауарлар кедендік тексеріп қарау үшін жарақтандырылған, арнайы жабдықталған алаңда, уақытша сақтауға арналған үй-жайларда, немесе уәкілетті лауазымды тұлға кедендік тексеріп қарауды жүргізетін, мемлекеттік кірістер органының кедендік бақылау аймағында болған жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға кедендік тексеріп қарауды (қарауды) жүргізуді бастау туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті лауазымды адамның тауарлардың орамдарын немесе көлік құралының жүк бөлігін не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе бар болуы мүмкін өзге де орындарды көзбен көріп қарау әрекеті басталған уақыт, кедендік жете тексеру басталған уақыт болып табылады.
Автоматтандырылған тәуекелді басқару жүйесінің негізінде тағайындалған, кедендік жете тексеру жүргізу кезінде, бейне түсірілімді жүргізу туралы ұсыным болған кезде, уәкілетті лауазымды адам кедендік жете тексерудің барлық процесін үздіксіз бейне түсірілімді жүргізуді қамтамасыз етуді басшылыққа алады.
Бейне түсірілім басталғанан кейін уәкілетті лауазымды адам кедендік жете тексерудің барлық процесін айтып және түсіндіріп тұрады.
Тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыру кезінде кедендік жете тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті лауазымды адамның түсіндіруіне сәйкес бейне түсірілімді тоқтатуға болады. Кедендік жете тексеруді тоқтатқан және қайта бастаған кезде уәкілетті лауазымды адам кедендік жете тексеру тоқтатылған (қайта бастаған) нақты уақытты айтуы тиіс.
Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) тәуекелдер бейінімен белгіленген көлемде және дәрежеде жүргізіледі. Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) көлемі мен дәрежесін өзгертуге жол берілмейді.
Кедендік жете тексеру (қарап тексеру) нәтижелері, сондай-ақ іс жүзінде кедендік жете тексеру (қарап тексеру) аяқталғаннан кейін тез арада автоматтандырылған тәуекелдерді басқару жүйесінде және кедендік жете тексеру (қарап тексеру) актісінде белгіленеді.