Жарияланған күні: 17.01.2024 16:21
Өзгертілген күні: 17.01.2024 16:24

Алкоголь өнімдерін заңды түрде өткізу үшін кәсіпкер алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек немесе көтерме саудаға лицензия алуы керек.

Алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек (көтерме) өткізуге арналған лицензия алкоголь өнімінің барлық түрлерін (арақ, шарап, коньяк, коньяк, сыра, алкогольді сусындар) өткізуге құқық береді.
Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш қабылданады және лицензия беріледі(internal.elicense.kz). 

Алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия қызметті жүзеге асыру орны бойынша беріледі.

Алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме сатуға лицензия адамның орналасқан жері немесе тіркелген жері бойынша беріледі.

Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес лицензия алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

·         Өтініш;

·         «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

·         Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 60 бұйрығымен бекітілген « Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» талаптарына сәйкес беріледі.

Алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада өткізу саласындағы қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:

·         денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, денешынықтыру - сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдениет және демалыс ұйымдарының ғимараттарынын тысқары және аумақтарында орналасқан, меншік құқығында немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану
(жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі – бұл шарттар бір жылдан аз мерзімге жасалған жағдайда);

·         стационарлық үй-жайдағы сумен жабдықтау, электро қуатымен жабдықтау және кәріз жүйесі (ақпараттық нысан Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес толтырылады);

·         деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары (ақпараттық нысан Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес толтырылады).

Алым сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін немесе лицензия алғанға дейін алым төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді (105402 БКК).

2023 жылға алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия бергені үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері (АЕК = 3450 теңге):

·         Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК (345 000 теңге);

·         аудандық маңызы бар қалалар мен елді мекендерде – 70 АЕК (241 500 теңге);

·         ауылдық елді мекендерде – 30 АЕК (103 500 теңге);

·         лицензияны қайта ресімдеу кезінде – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 % -ын құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Сұраныс портал арқылы берілген жағдайда төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (ЭҮЭП) арқылы жүзеге асыруға болады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

• Лицензияны немесе оларды беруден дәлелді бас тартуды лицензиар 1 жұмыс күнінен кешіктірмей береді;

• Лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару жүргізілмейді.