- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 07.04.2025 17:45
Өзгертілген күні: 07.04.2025 17:47
2012 жылғы 17 шілдеден бастап Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы «Кеден одағы кедендік шекарасына автомобильді көлікпен енгізілген тауарлар жайлы міндетті алдын-ала ақпараттандыруды енгізу туралы» №899 Шешіміне сәйкес байланысты, Қазақстан Республикасында Еуразиялық экономикалық одағы аумағына автомобильді көлікпен енгізілген тауарлар туралы міндетті алдын-ала ақпаратандыру енгізілген.
2013 жылғы 17 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының № 196 Шешіміне сәйкес тауарларды Еуразиялық экономикалық одағы аумағына теміржол көлігімен тасымалдау үшін міндетті алдын-ала ақпараттандыру 2014 жылғы 1 қазаннан бастап енгізілген, ал тауарларды әуе көлігімен тасымалдау үшін 2015 жылғы 01 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының № 158 Шешіміне сәйкес 2017 жылғы 1 сәуірде енгізілген.
Міндетті алдын-ала ақпараттандыру Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы шекараларындағы өткізу пунктерінің өткізу қабілеттілігін арттыру мақсатында енгізіледі, сондай-ақ, уақыттың қысқаруына байланысты, келу орындарында кедендік операциялар және шекарадағы өткізу пунктіне тауарлар мен көлік құралдарының келуіне дейін бақылау объектісін таңдауға тиісті кедендік бақылау тиімді жүргізіледі.
КОК-тың осы шешімімен, келу орындарында кедендік транзит кеден рәсіміне тауарларды орналастыру үшін алдын-ала ақпарат бекітілген көлемде берілген жағдайда, берілген алдын-ала ақпарат транзиттік декларацияның электронды көшірмесі ретінде қолданылатыны қарастырылған, егер транзиттік декларация ретінде қолданылған құжаттардағы мәліметтер мен алдын-ала ақпаратта ауытқулар болмаса.
Бұндай тәртіп, СЭҚ қатысушылардың транзиттік декларацияның көшірмесін құрастыру үшін өткізу пунктінде кедендік өкілдерге (делдалдарға) жүгіну қажеттілігін болдырмайды, бұл СЭҚ қатысушылар үшін уақыттық және қаражаттық шығындарын азайтады.
Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен мемлекеттік кірістер органдарының Web-порталы көмегімен алдын-ала ақпараттарды қабылдау ұйымдастырылған.
Алдын-ала ақпараттың мәліметтер құрамына, оның құрылымы және түріне сәйкес келмеген жағдайда, қызығушылық білдірген тұлғаға, себебін көрсете отырып алдын-ала ақпараттың қабылданбағаны туралы электронды хабарлама жіберіледі.
Берілген алдын-ала ақпаратта қателік болмаған кезде, қызығушылық білдірген тұлғаға, тасымалдың бірегей теңдестірілген нөмірі (ТБТН) бар электронды хабарлама жіберіледі.
Бір көлік құралында бірнеше тауарлар топтамасы тасымалданған жағдайда, алдын-ала ақпарат әрбір тауар топтамасына жеке берілуі тиіс. Әрбір тауар топтамасына жеке ТБТН беріледі, яғни транзиттік декларацияны құрастыру бекітілген ережесі бойынша.
Алдын-ала ақпарат ТБТН берілген күннен бастап 30 тәулік кеден органдардың мәліметтер қорында сақталады. Кедендік операцияларды жүргізу үшін, ТБТН қызығушылық білдірген тұлғамен кеден органына Web-порталдан басылып шығарылған немесе көлік құжаттарында оның нөмірі көрсетілген түрінде Еуразиялық экономикалық одағы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдану орнында беріледі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының Web-порталы алдын-ала ақпараттарды (pi.customs.kz) беру үшін барлық СЭҚ қатысушыларға шектеусіз ашық. Бұның өзінде, порталға ену, әдеттегідей қолданушыны тіркеу жолымен жүзеге асырылады.
Абай облысы бойынша МКД Бақты кеден бекетінің жетекші маманы О. Чуваева