Жарияланған күні: 16.01.2024 15:33
Өзгертілген күні: 16.01.2024 15:37

Бюджетке салықты уақтылы төлемеген салық төлеушіге мәжбүрлеп өндіріп алу әдістері мне шараларын қолдану негізі Салық кодексінінң 116-124 баптарында көзделген.

      Әдістер мен мәжбүрлеу шараларын қолдану алдында тәуекелдің орташа және жоғары деңгейі бар салық төлеушіге салық берешегін, әлеуметтік берешектерін өтеу туралы хабардамалар жіберіледі (Әлеуметтік төлемдерге  Зейнетақы қорына аударылатын зейнетақы жарналары, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын әлеуметтік аударымдар және Медициналық сақтандыру қорына аударылатын міндетті  әлеуметтік аударымдар мен жарналар төлемдері  жатады). Салық төлеуші «тәуекелдерді басқару жүйесіне» сәйкес тәуекелдің қай санатына жататындығы туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушілер кабинеті» сайтындағы жеке кабинентінен қарай алады. Салық органының салық берешегін, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектерді өтеу туралы жіберген хабарламалары электроны түрде салық төлеушінің «жеке кабинетіне» жеткізіледі. Хабарламада  төленбеген салықтың атау мен сомасы,өсүмпұл сомасы көрсетіледі. Сондай-ақ, ерікті түрде берешегі өтелмеген жағдайда салық органы берешекті өндіріп алу үшін қандай мерзімде және қандай шаралар қолданатыны туралы ақпарат көрсетілген. Салық төлеуші жеке кабинетіндегі дербес шотыңда есептелген салықтар мен төлемдерді,төленген және төленбеген сомалар туралы ақпаратты қарай алады.

      Сонымен, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтарды және бюджетке төлентетін төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді бойынша міндеттемелерін орындамған салық төлеушіге (заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдарға,)   мәжбүрлеудің мынандай әдістері мне шаралары қолданылады:

1. Мерзiмiнде төленбеген сомаларға өсiмпұл саналады. 2. Салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылады. 3. Салық төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтатылады. 4. Салық төлеушiнiң мүлігіне билік етуін шектеу туралы шешім шығарылады.

      Әрбір қолданылатын шараны қысқаша түсіндірейік: Айыппұл, төлеу мерзімі өткен әрбір күн үшін банктің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген сомасында төленбеген төлем сомасына автоматты түрде саналады. Айыппұл сомасы салық төлеушінің есеп шотында көрсетіледі.

      Банк шоттары бойынша операцияларын тоқтата тұру деген  банк шоттары  бойынша шығыс операцияларын жүргізуге тыйым салуды  білдіреді. Бұл ретте шотқа қаражаттың түсуіне жол беріледі. Және салық төлеуші осы шотынан салықтарды немесе әлеуметтік төлемдерді төлеуге құқылы  (яғни,бюджетке бар қарызды өтей алады).

Бірақ, коммуналдық қызметтерді, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, несиелерді  төлеу, қарызды өтегеннен кейін және салық органы шешімін қайтарып алған соң ғана мүмкін болады.

      Кассадағы шығыс операцияларын  тоқтата тұру дегеніміз  бір жұмыс күнінен кешіктірмей  бір күн ішінде түскен қолма-қол ақшаны бюджетке аудару арқылы берешекті өтеу туралы тапсырманы сөзсіз орындауды білдіреді (жеке кәсіпкерлердің барлығы кассалық аппаратарды пайдаланады).

       Осы тәртіп бұзылған жағдайда салық органы көрсетілген мәселе бойынша тақрыптық тексеру жүргізеді. Және де тәртіп бұзушы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексінің 277 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Егер көрсетілген шаралар нәтиже бермесе, яғни салық төлеуші берешекті өтемесе, онда мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары келесі ретте қолданылады: берешектер инкассалық өкімдермен банктік шоттардағы ақша есебінен өндіріліп алынады.

      Дебиторлардың шоттарынан - борышкердің  дебиторлық берешегінің бар екендігі туралы өтініші негізінде салық органы оның дебиторының (үшінші тұлғаның)  банк шоттарынан инкассалық өкімімен өндіріп алуды жүргізеді.                                                          

     Барлық әдістер мен шаралады қолданудың нәтижесінде салық берешегі төленбеген жағдайда  салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулысы шығарылады. Және де ол мүліктер туралы  түгендеу актісі берешектерді өтеу үшін аукционға сату үшін  жолданады.

Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығарту шарасы акционерлік қоғамдарға қолданылады.

Осы жоғарыда көрсетілген барлық шаралар қабылданғаннан кейін салық төлеушінің бюджетке берешек сомасын өтелмеген жағдайда, салық органы бұндай дәрменсіз борышкерге қатысты банкроттық рәсімді қозғайды.

     Салық органы  салықтық берешегі бар салық төлеушілердің  тізімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқықты.

      Салық органдарының стратегиялық міндеттерінің бірі салық мәденитетін арттыру болып табылады, бұл салық төлеушілердің өз міндеттемелерін ерікті түрде орындаун білідреді. Осыған байланысты салық орагндары  барлық бағытта, әлеуметтік желілері қоса (abai_mkd.kz)  шаралар жүргізеді.

Көрсетілген бетте Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті де  салық және кеден заңнамасының барлық мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, салық төлеушілермен кері байланыс орнатуда.