Жарияланған күні: 17.01.2024 16:13
Өзгертілген күні: 17.01.2024 16:14

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 65, 66, 67-баптарында айқындалған.

Салық кодексінің 67 – бабына сәйкес оңайлатылған тәртіппен қызметті тоқтатуға қызметін тоқтату туралы салық өтінішін беру сәтіне бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлер (бұдан әрі-ЖК) жатады:
1) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;
2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;
3) осы Кодекстің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;
4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша салықтық тексерулер жоспарында немесе ішінара салықтық тексерулер тізімінде жоқ не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіппен жүргізілетін салықтық тексерулердің жартыжылдық кестесінде жоқ;
5) салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
6) тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейі жоқ.

Оңайлатылған тәртіппен қызметті жабу жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкес келетін ЖК-ге қатысты Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күнге дейін немесе осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайлар басталғанға дейін қолданылады.

Салық кодексінің 67-бабының нормаларына сәйкес кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіппен жүзеге асыруды тоқтату үшін ЖК өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде: - қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті ұсынады; - тарату салық есептілігі;-осы Кодекстің 169-бабында айқындалған тәртіппен бақылау-касса машинасын (ол болған кезде) есептен шығару туралы салықтық өтініш.

Бұл ретте Салық кодексінің 208-бабының 3-тармағында тиісті салық органына салық өтініштерін табыс етудің мынадай тәсілдері көзделген:

1) келу тәртібімен - қағаз жеткізгіште, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, салық органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер орталықтары арқылы (қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда);

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы - қағаз жеткізгіште;

3) Ақпаратты компьютерлік өңдеуге мүмкіндік беретін электрондық нысанда.

Тарату салық есептілігі қызметті тоқтататын ЖК қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш берілген күнге дейінгі кезең үшін төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша жасалады.

Бұл ретте тарату салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу тарату салық есептілігі салық органына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Сонымен қатар, 01.06.2020 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі қызметін тоқтату туралы мәліметтер негізінде ЖК тіркеу есебінен автоматты түрде шығаруды жүзеге асырғанын хабарлаймыз. Осылайша, қандай да бір орындалмаған салық міндеттемелері болған кезде ЖК ретінде тіркеу есебінен шығарылмайды.

Салық органымен Салық кодексінің 67-бабының 7-тармағына сәйкес, ЖК қызметі жабылғаннан кейін талап қою мерзімі ішінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, осы бапқа сәйкес, ЖК ретінде тіркелген кезеңде жүзеге асырылған қызмет бойынша салықтар, бюджетке төленетін төлемдер және әлеуметтік төлемдер бойынша есептеулер және оларды төлеу бойынша салық міндеттемелерін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, жеке тұлға орындайтыны туралы хабардар етеміз.

Осылайша, Сіз "салық төлеушінің кабинеті" арқылы қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішпен бір мезгілде "тарату" түрімен салық есептілігінің нысанын ұсынуыңыз қажет. Жеке кәсіпкерді немесе жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебінен шығару туралы ақпаратты МКК ресми интернет-ресурсы www.kgd.gov.kz "электрондық қызметтер / салық төлеушілерді іздеу" қойындысында, сондай-ақ «Е-Salyq Аzamat» мобильді қосымшасында көруге болады.