- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 24.04.2025 16:09
Өзгертілген күні: 24.04.2025 16:10
Банктік шоттардағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алу тәртібі 25.12.2017 жылғы №121-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің (Салық кодексі) 14 тарауында, 122 баппен қарастырылған.
Аталған бап нормалары бойынша, салық органы салық төлеушiнің банктік шоттарынан салықтық берешек сомасын тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес:
тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші салықтық берешек сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң;
тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші салықтық берешек сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда - салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алады.
Салық төлеушінің екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған банктік шоттарынан салықтық берешек сомасын өндіріп алу, осындай екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, көрсетiлген қарыздың өтелмеген негiзгi борышы мөлшерiнде салық органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.
Салық органы инкассалық өкімді оны жасау күнгі салықтық берешек сомасы туралы деректер негізінде жасайды.
Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің бір банктік шотынан инкассалық өкімді орындаған кезде салық төлеушінің көрсетілген екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банктік шоттарына шығарылған инкассалық өкімдер, егер мұндай инкассалық өкімдер сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарылған болса, салық органына орындалмай қайтарылады.
Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің бірнеше банктік шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару арқылы осындай инкассалық өкімді толық орындаған кезде, салық төлеушінің көрсетілген екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған басқа банктік шоттарына сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарылған инкассалық өкімдер орындалмай қайтарылады.
Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен нысан бойынша шығарылады және салық төлеушінің салықтық берешек сомаларын өндiрiп алу жүргiзiлетiн сол банктік шотын көрсетуді қамтиды.
Салық органы инкассалық өкімді екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда телекоммуникация желілері бойынша беру арқылы жібереді. Электрондық нысанда инкассалық өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес қалыптастырылады.
Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің екінші деңгейдегі банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасы жеткілікті болған кезде салықтық берешек сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімді екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіппен және көрсетілген өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банктік шоттағы сомалар шегінде орындайды.
Салық органы салықтық берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей инкассалық өкімді кері қайтарып алады.