Жарияланған күні: 16.01.2024 15:40
Өзгертілген күні: 16.01.2024 15:43

       Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті бюджетке салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу міндеттемелерін уақытында орындамаған кезде қолданылатын мәжбүрлі шаралардың бірі   - салық төлеушiнiң (салық агентінің) салықтық берешегі сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу екендігін хабарлайды.

Салық органы бұл шараны Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі)  123 бабына сәйкес қолданады.

Салық төлеушiде (салық агентінде) банктік шоттар болмаған жағдайда, немесе банктік шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алынғаннан кейін салықтық берешек өтелмеген кезде салық органы түзілген салықтық берешек шегiнде салық төлеушiге (салық агентіне) берешегi бар үшiншi тұлғалардың (бұдан әрi - дебиторлардың) банктік шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолданады.

Салық төлеушi (салық агенті) салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей осындай хабарлама жiберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн ұсынуға мiндеттi.

Дебиторлар тiзiмi көрсетiлген мерзiмде ұсынылмаған жағдайда, салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дебиторларын анықтау мақсатында салық органдарының ақпараттық жүйелерінің деректерін пайдалануға, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселесі бойынша салық төлеушiге (салық агентіне) тексеру жүргiзуге құқылы. Бұл ретте салық органы сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес.

 Салық төлеушi (салық агенті) ұсынған дебиторлар тiзiмiнiң және (немесе) салық органдарының ақпараттық жүйелерінен алынған дебиторлар туралы мәліметтердің және (немесе) дебиторлық берешек сомасын растайтын салық төлеушіні (салық агентін) тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебиторларға салық төлеушiнiң (салық агентінің) салықтық берешегін өтеу есебіне олардың банктік шоттарындағы ақшаға дебиторлық берешек сомалары шегiнде өндiрiп алуды қолдану туралы хабарлама жiбередi.

Салық төлеушi мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiнде мынадай мәлiметтер:

1) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмiрлерi;

2) дебитордың салық төлеушi (салық агенті) алдындағы берешегінің сомасы;

3) салық төлеушi (салық агенті) мен оның дебиторының заңдық деректемелерi, мөрi (ол болған кезде) және қолтаңбалары не салық төлеушi мен оның дебиторының электрондық цифрлық қолтаңбалары;

4) бюджетке берешекті өтеу туралы хабарлама алынған күннен бұрын болмауға тиіс салыстырып-тексеру актiсiнiң жасалған күнi қамтылуға тиiс.

Өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актісінің немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын дебиторды тексеру актісінің негізінде салық органы дебитордың банктік шоттарына салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады.

Салық төлеушi - дебитордың екінші деңгейдегі банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы салық органы шығарған салық төлеушiнiң (салық агентінің) салықтық берешегі сомасын өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмдi орындауға мiндеттi.

 Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін осы бапта айқындалған тәртіппен оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес дебитор жатқызылған тәуекел деңгейіне қарамастан жүзеге асырылады.

Дебиторлардың шоттарынан берешекті өндіріп алу бойынша 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа Салық кодексінің 123-бабына келесідей өзгерістер енгізілді:

2 және 4-тармақтарға заңды күшіне енген соттардың дебиторлардан берешек сомаларын өндіріп алу туралы шешімдері болған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына шешім негізінде дебиторлардан одан әрі өндіріп алу үшін осындай сот шешімі ұсынылатынын көздейді.

Сондай-ақ, ұсынылған дебиторлар тізіміне қарамастан, мемлекеттік кірістер органдары дебиторларды белгілеу бойынша, оның ішінде дебиторлық берешекті растауға қарсы тексерулер жүргізе отырып, тақырыптық тексеру жүргізуге құқылы.

Дебиторлық берешек болмаған жағдайда дебитор өзара есеп айырысуларды салыстыру актісімен бір мезгілде мемлекеттік кірістер органына салық төлеушінің (салық агентінің) алдындағы берешекті өтеу фактісін растайтын құжаттарды ұсынады;

5-тармақтың бірінші бөлігінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімдерді дебитордың банк шоттарына қою үшін өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі, дебитордың тексеру актісі (оның ішінде дебиторлық берешек сомасын растайтын қарсы тексеру) және соттың шешімдері негіздеме болуын көздейтін өзгерістер енгізілді.