- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 16.06.2025 12:22
Өзгертілген күні: 16.06.2025 12:23
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы көлік құралдары бар заңды тұлғалар 2025 жылға арналған "көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлемдердің есебі" 701.00 нысанын ұсынуы, сондай-ақ ағымдағы жылдың 5 шілдесінен кешіктірмей Көлік құралдарын тіркеу орны бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдердің сомаларын төлеуді жүргізуі қажет.
Салық кезеңі үшін әрбір көлік құралы бойынша салық сомасын есептеуді салық кодексінің 492-бабына сәйкес салық салу объектісіне салық ставкаларын қолдану жолымен заңды тұлға дербес жүргізеді.
Көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында бір жылдан кем болған жағдайда салық сомасы көлік құралының осындай құқықта нақты болған кезеңі үшін салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлік құралының осындай құқықта нақты болған айларының санына көбейту арқылы есептеледі.
Айлардың санын анықтау кезінде есептеу көлік құралын сатып алған айдың 1 қаңтарынан немесе 1 күнінен бастап 31 желтоқсанға дейін немесе көлік құралы басқа иесіне берілген айдың 1 күніне дейін жүргізіледі.
Көлік құралын 2025 жылғы 1 шілдеден кейін сатып алған жағдайда заңды тұлғалар есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін тапсырылатын көлік құралдарына салық бойынша декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей көрсетілген көлік құралы бойынша салық төлеуді жүргізеді.