Жарияланған күні: 25.12.2024 15:09
Өзгертілген күні: 25.12.2024 15:10

АКТИВТЕР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ,

СЕН 250.00:

  1. шетелде мүлкі бар ҚР азаматтары, ҚР резиденттері;
  2. жеке практикамен айналысатын тұлғалар;
  3. декларацияны өз еркімен ұсынғысы келетіндер;
  4. сайланбалы лауазымға, мемлекеттік лауазымға орналасуға және оларға теңестірілген кандидаттар («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес);
  5. банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетін жеке тұлғалар («Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР заңдарына сәйкес).

 

КІРІСТЕР МЕН МҮЛІК ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ, СЕН 270.00:

  1. мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар (оның ішінде квазимемлекттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары) және олардың жұбайлары*;
  2. банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары*;
  3. коммерциялық ұйымдардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) (АҚ-да қатысу үлесінің (дауыс беретін акциялардың) 10%-дан жоғары және одан көп болса және олардың жұбайлары*;
  4. жеке практикамен айналысатын тұлғалар*;
  5. шетелде мүлкі бар тұлғалар (240.00-нысан ұсыну тәртібіне ұқсас)*;
  6. ДК табысын қоспағанда, дербес салық салынатын табыс алған тұлғалар*;
  7. шетелдік банктерде 1000 АЕК астам ақшасы бар тұлғалар*;
  8. ҚР-да және одан тыс жерлерде жиынтық құны 20 000 АЕК-тан асатын ірімүлікті сатып алған тұлғалар*.

*-резиденттер