- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 16.06.2025 12:13
Өзгертілген күні: 16.06.2025 12:14
Кедендік транзит кедендік рәсімі тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары сақталған кезде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбестен тасымалданатын (тасылатын) кедендік ресім болып табылады.
2017 жылдың 26 желтоқсанындағы №123-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 223 бабының 1 тармағына қарасты, осы Кодекстің 226 бабына сәйкес, шет елдік тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімі кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері осы Кодекстің 97 бабымен анықталған.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы мынадай:
1) ақша;
2) банк кепілдігі;
3) кепілгерлік;
4) мүлік кепілі;
5) сақтандыру шарты тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.