Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың 2024 жылға көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталғанын еске салады.
2 сәуірден бастап мерзімі өткен әрбір күн үшін Қазақсатн Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі. Бұл дегеніміз, төлем неғұрлым ұзақ кешіктірілсе, соғұрлым қарыз сомасы артады.
Салықты уақтылы төлемеген жағдайда салық органдары қарызды 30 жұмыс күні ішінде өтеуді талап ететін хабарлама жібереді.
Егер 30 күн өткеннен кейін салық төленбесе және қарыз сомасы 1 АЕК-тен асса, салық бұйрығы шығарылады, оны 5 жұмыс күні ішінде орындау қажет. Әйтпесе, іс жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін беріледі. Олар мүлікті тыйым салу және алып қою, шоттарды бұғаттау, ал 40 АЕК - тен жоғары берешек кезінде елден шығуға тыйым салу сияқты өндіріп алу шараларын қолдана алады.
Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа, ЖСО қызметтері үшін берешек сомасының 25% - на дейінгі мөлшерде қосымша өндіріп алады.
Бүгінгі таңда Абай облысының 22 192 тұрғынында көлік салығы бойынша борышкер болып саналады жәнеолардың берешегінің жалпы сомасы 851,7 млн.теңгені құрайды.
Салықты уақтылы төлеу-бұл міндет қана емес, сонымен қатар ауыр зардаптардан аулақ болу тәсілі.