Жарияланған күні: 15.03.2024 15:02
Өзгертілген күні: 15.03.2024 15:06

Транзиттік декларацияны берумен, тіркеумен кедендік транзит кеден рәсімін аяқтаумен байланысты, кеден органдарымен кедендік операцияларды жасау тәртібі

 

Кеден органымен транзиттік декларацияны беруге, ресімдеуге және кедендік транзит кеден рәсімін аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 17 және 22 тарауларымен және 2010 жылғы 17 тамыздағы № 438 Кеден одағы комиссиясының Шешімімен сәйкес әзірленген.

Транзиттік декларация, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерінің халықаралық келісім шартарымен қарастырылған құжаттарды транзиттік декларация ретінде қолданылған жағдайлардан басқа, тауарларды бір жөнелтушіден бір алушының мекенжайына, бір көлік (тасымалдау) құжаты бойынша тасымалдауға ұсынылады.

Жөнелтуші кеден органына транзиттік декларациямен қоса келесі ұсынылады:

- тауарларды декларациялау кезінде, кедендік декларацияны ұсынған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар;

- экспедитермен – көліктік эспедиция шарттың жасалғанын растайтын құжаттар;

Кеден органдарына, транзиттік декларация беру күнімен уақыты журналда белгіленеді, оның нысаны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерінің заңнамасымен бекітіледі жәнеде ақпараттық технологияларды қолданулымен, жөнелтуші кеден органынның ақпараттық жүйесінде белгіленеді.

Транзиттік декларация тіркелуі, жөнелтуші кеден органынның уәкілетті лауазымды тұлғамен оған тіркеу нөмері беру арқылы жүзеге асырылады, оның ішінде ақпараттық жүйелерін және ақпараттық технологиялар қолданумен. Тіркеу нөмері берілген уақыттан бастап, транзиттік декларация заңды күші бар құжат боп танылады. Көліктік (тасымалдау), комерциялық құжаттарды транзиттік декларация ретінде қолданылған жағдайда, көліктік (тасымалдау) құжаттын екі данасында, бағыттаушы мөр қойып, толтыру және жөнелтуші кеден органын лауазымды тұлғасының жеке нөмерлі мөріменен куәландыру арқылы тауарларды шығару бойынша ресімдеу жүзеге асырылады.

Тауарларды халықаралық автомобиль тасымалдары (бұдан-әрі ХАТ) кітапшашы қолданумен тасымалдау кезінде, ХАТ Конвенциясына сәйкес ХАТ кітапшасының жыртылатын парақтардын және түбіртектердін арнайы бағандарын толтыру және көліктік (тасымалдау) құжаттын екі данасында, бағыттаушы мөр қою, толтыру және жөнелтуші кеден органын лауазымды тұлғасының жеке нөмерлі мөріменен куәландыру арқылы тауарларды шығару бойынша ресімдеу жүзеге асырылады.

Ақпараттық технологияларды қолданумен, жөнелтуші кеден органынның ақпараттық жүйесінде, кедендік транзит мерзімі және тауарларды жеткізу орны туралы мәлімет көрсетіледі.

Кедендік транзит кеден рәсімін аяқталуы тәртібі.

Кедендік транзит кеден рәсімінің аяқтау үшін тасымалдаушы межелі кеден органына, транзиттік декларациянын бір парағын, тауарларды шығарылған туралы белгісі бар көліктік (тасымалдау) құжаттын бір жиынтығын және жөнелтуші кеден органынымен cәйкестендірілген транзиттық декларация құрамына кіретін өзгеде құжаттардың бір жиынтығын ұсынады.

Көліктік (тасымалдау), коммерциялық құжаттарды транзиттік декларация ретінде қолданылған жағдайда, межелі кеден органына тауарларды шығарылған туралы белгісі бар көліктік (тасымалдау) құжаттын бір данасын және өзгеде құжаттардын бір жиынтығын ұсынылады. Тауарларды ХАТ кітапшасы қолданумен тасмалдау кезінде межелі кеден органына ХАТ кітапшасы және, тауарларды шығарылған туралы белгісі бар көліктік (тасымалдау) құжаттын бір жиынтығын және жөнелтуші кеден органынымен cәйкестендірілген транзиттік декларация құрамына кіретін өзгеде құжаттардың бір жиынтығын ұсынады.