Жарияланған күні: 22.08.2025 14:49
Өзгертілген күні: 22.08.2025 14:50

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексіне Қазақстан Республикасының «Астана қаласы мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту, ұлттық жобалар, кәсіпкерлік мәселелері және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру бойынша, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 17 шiлдедегi № 213-VIII ҚРЗ Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

           Аталған Заң ресми алғашқы жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (18.07.2025ж. «Егемен Қазақстан» газеті № 134 (31114); «Казахстанская правда» газеті № 134 (30512)), яғни 2025 жылғы 29 шілдеден бастап күшіне енеді.

           Атап айтқанда, Заңмен келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

           –  2, 18, 453-баптарға өзгерістер енгізіліп, 18-1-баппен толықтырылды, бұл баптар кедендік бақылау аймақтарынан тыс жерлерде мобильді топтарды құру, жабдықтау және көлік құралдарын тоқтату тәртібін реттейді;

           – 12 және 402-баптарға өзгерістер енгізіліп, кеден органдарына кедендік транзит рәсімі аяқталған кезде тауарларды жеткізу орындарында көліктік бақылау жүргізу өкілеттіктері берілді;

           –    411, 416-1 және 480-баптарда бірқатар тексеру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді (оның ішінде кедендік және өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру тәртібі, шағымдарды қарау нәтижелері бойынша хабарлама табыстау тәртібі, кедендік тексеру нәтижелерін жоюға негіз болатын қосымша өрескел бұзушылық ұғымы енгізілді).