Жарияланған күні: 13.02.2025 17:13
Өзгертілген күні: 13.02.2025 17:15

«Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына автомобиль көлігімен әкелуге болжанатын тауарларды алдын ала хабардар етуді ұсыну функционалын пайдалануға енгізеді.

2025 жылғы 17 ақпаннан бастап автомобиль өткізу пункттерінде алдын ала ақпаратты беру және өңдеу "Keden"АЖ жүзеге асырылатын болады.

Алдын ала ақпаратты кеден органдары кедендік операцияларды жасауды жеделдету және кедендік бақылауды жүргізуді оңтайландыру үшін пайдаланады.

Өз кезегінде алдын ала ақпарат беру Еуразиялық экономикалық одақ аумағына тауарлар мен көлік құралдары келген кезде кедендік операцияларды және аралас қызметтерді интеграцияланған бақылауды өту мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.

Алдын ал ақпараттындыру толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаттары жасалған:

Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:

+7 7172 73 55 19

+7 705 956 53 89

e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.

Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.