- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 20.03.2025 18:58
Өзгертілген күні: 20.03.2025 19:00
Салық органының салық төлеушіге салық берешегін өтемеген жағдайда қолданатын шаралардың бірі - мүлікке билік етуді шектеу болып табылады. Көрсетілген шараны қолдану тәртібі Салық кодексінің 120-ші бабында көзделген (2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»).
Салық органы салық төлеушінің мүлкіне билік етуді шектеуді төлеушінің санатына байланысты шешім (бұдан әрі Шешім) негізінде жүргізеді (салық кодексінің 137-бабы).
Тәуекел санатының жоғары деңгейі кезінде Шешім «Салық берешегін өтеу туралы» хабарлама (бұдан әрі Хабарлама) тапсырылған күннен бастап 1 жұмыс күні өткеннен кейін шығарылады;
Тәуекел санатының орташа деңгейі кезінде Шешім Хабарлама тапсырылған күннен бастап 15 жұмыс күні өткен соң шығарылады.
Шешім «Тексеру нәтижелері туралы» хабарламаға шағымданған салық төлеушіге қатысты да шығарылады. Бұл жағдайда шектеуді салық органы 3 жұмыс күні өткеннен кейін Хабарлама жібермей жүргізеді.
Салық төлеушінің мүлкіне билік етуді шектеуді салық органы:
- салық төлеушінің балансында тұрған меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікке;
- бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланста тұрған негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер қатысты қолданады.
Билікте шектеуге жатпайтын мүліктерге:
- тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
- электр, жылу және энергияның өзге де түрлері;
- сақтау немесе сақтау мерзімі 1 жылдан аспайтын азық-түлік немесе шикізаттар жатады.
Тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне газбен жабдықтау, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының құрылыстары, технологиялық қондырғылары мен агрегаттары жатады, олардың пайдаланылуын тоқтату немесе тоқтата тұру елді мекендер мен аумақтардың инженерлік инфрақұрылымы қызметінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.
Бұл ретте салық органына лизинг шартының немесе кепілдің қолданылуы тоқтатылғанға дейін қаржы лизингіне берілген не алынған немесе кепілге берілген салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін алып қоюға тыйым салынады.
Салық кодексінің 120-шы бабының 3-ші тармағында кепіл шартының талаптарын өзгертуге, шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға, салық органы мүлікке билік етуді шектеген күннен бастап оның күші жойылғанға дейін сублизингке беруге және қайта кепілге беруге тыйым салу көзделген.
Салық органы Шешімді:
- хабарламада көрсетілген салық берешегінің сомасына;
шағымданған жағдайда «Салықтық тексеру актісі бойынша» хабарламада көрсетілген салықтардың сомасына қабылдайды.
Салық төлеушіге шешімді тапсырған күннен бастап 10 жұмыс күні өткеннен кейін салық органы мүлік тізімдемесінің актісін (бұдан әрі Акт) жасау арқылы салық төлеушінің қатысуымен билік етуі шектелген мүліктің тізімдемесін жүргізеді.
Салық төлеушінің меншік құқығында мемлекеттік тіркеуге жататын мүлкі немесе мәмілелері болған кезде тізімдеме бірінші кезекте осы мүлікке жасалады.
Тізімдеме Актісінде салық төлеушінің бухгалтерлік есебінің деректері негізінде айқындалған сипатталатын мүліктің құны немесе мүліктің нарықтық құны көрсетіледі. Нарықтық құн салық төлеушінің өзімен мүлікт құны анықтаған жағдайда көрсетіледі.
Актіде ҚР заңнамасына сәйкес шектеу алынғанға дейін сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болатын өзгерістерді қоспағанда, билік етуі шектелген мүліктің өзгеріссіз күйде сақталуын қамтамасыз ету салық төлеушінің міндеті көрсетіледі.
ҚР Қылмыстық кодексінің 246-ші бабында билік етуге шектеу қойылған тізімдемеге ұшыраған мүлікті ысырап еткені, иеліктен шығарғаны немесе заңсыз бергені үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.
Салық органы Шешім мен Актінің күшін 1 жұмыс күнінен кешіктірмей:
- салық берешегі өтелген күннен бастап;
- «Тексеру нәтижелері туралы» хабарламаның шағымданатын бөлігінің күшін жою (осындай шешім шығарылған немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап);
- салық төлеуші «Тексеру нәтижелері туралы» хабарламаларға шағымды кері қайтарып алған күннен бастап жояды.
Салық төлеуші берешекті өтегеннен немесе мүлікті сауда-саттық нәтижесі бойынша өткізгеннен кейін, мүлікті сатып алу-сату шартына қол қоя отырып, салық органы 5 жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті мемлекеттік органдарға «Мүлікке құқықтар ауыртпалығын тоқтату туралы» шешім жолдайды.