Жарияланған күні: 07.06.2024 18:01
Өзгертілген күні: 07.06.2024 18:03

Сыбайлас жемқорлық қазіргі Қазақстаннның ең өзекті мәселелерінің бір болып қала береді және жалпыұлттық ауқымда қауіп төндіреді. Жақында сыбайлас жемқорлық және оның жол берілмейтін жоғары деңгейі туралы атқарушы және заң шығарушы билік, қоғамдық ұйымдар өкілдерінде жиі айтыла бастады.

Адамзат тарихында сыбайлас жемқорлық жүйелік құбылыс ретінде мемлекеттік аппараттың қызметімен бірге жүрді, оны әлсіретіп, қоғамдық биліктің қалыпты жұмысын бұзды. Ешқандай қоғамда сыбайлас жемқорлықты толығымен жою мүмкін болмады. Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлық қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне елеулі проблемалар мен қатерлер туғызады, бұл демократиялық институттарға, құндылықтарға, этикалық құндылықтар мен әділеттілікке нұқсан келтіреді, тұрақты даму мен құықтық тәртіпке нұқсан келтіреді. 

Сыбайлас жемқорлық – бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы. Еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді, елдің имиджін, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа халықаралық қызығушылықты төмендетеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлық тек біздің мемлекетіміздің ғана емес, бүкіл әлемнің проблемасы болып табылады. Қазір барлық елдер, соның ішінде ең озық елдер, жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өз үлгілерін қайта қарауда, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы жаңа заңдар мен нормаларды қабылдауда.

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі нормативтік-құқықтық актілері: 18.11.2015 жылғы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, 23.11.2015 жылғы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, 23.12.2015 жылғы Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы, 03.07.2014 жылғы Қылмыстық кодексі. Бұл нормативтік-құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің пәрменді құралы болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін, олардың моральдық-адамгершілік келбеті мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды айқындайды.

Барлық мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомстволық бағдарламалар мен жоспарларды қабылдайды, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі іс-шаралар құрылған. 

Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға мемлекеттік басқарудың ең жоғары деңгейінде үлкен көңіл бөлінуде.

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты еңсеру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды әдістерінің бірі заңның міндетті түрде сақталуы болып табылады. Бұл жерде моральдық жағы да үлкен рөл атқарады. Моралы жоғары адам заңдарды бұзбайды.

Өз елінің лайықты азаматтары, өз қаласының патриоттары болу үшін біз өзіміздің ішкі мәдениетімізді арттыруымыз керек, өзін-өзі тәрбиелеумен және өзін-өзі білімін арттырумен айналысуымыз керек, сонда ғана біз сыбайлас жемқорлықсыз мықты, гүлденген ел құра аламыз!