- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 15.05.2024 12:00
Өзгертілген күні: 15.05.2024 12:03
Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар ету күні мен уақытын тіркеу қағидалары
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 154 бабы 4 тармағына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №216 бұйрығымен «Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар ету күні мен уақытын тіркеу қағидалары» бекітіліп, келу орындарында орналасқан мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті лауазымды тұлғаларының (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды тұлға) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы хабарламаның күні мен уақытын тіркеу тәртібін айқындайды.
Тасымалдаушы автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты – тауарлар келу орнына жеткізілген кезден бастап бір сағат ішінде, ал тауарлар келу орнына кеден органының жұмыс уақытынан тыс уақытта жеткізілген жағдайда – кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап бір сағат ішінде ЕАЭО кедендік аумағына келуі туралы хабардар еткен кезде мынадай құжаттар мен мәліметтерді:
халықаралық тасымалдау көлік құралына арналған құжаттарды;
көліктік (тасымалдау) құжаттарды;
Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде айқындалған, халықаралық пошта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде олармен ілесіп жүретін құжаттарды;
тасымалдаушыда бар тасымалданатын тауарларға арналған коммерциялық құжаттарды;
халықаралық тасымалдау көлік құралын мемлекеттік тіркеу;
тауарларды тасымалдаушы (атауы және мекенжайы);
тауарларды жөнелтуші ел және тауарлардың межелі елі (атаулары);
тауарларды жөнелтуші және алушы (атаулары және мекенжайлары);
тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттарға сәйкес тауарларды сатушы және сатып алушы;
жүк орындарының саны, оларды таңбалау және тауарлар орамаларының түрлері;
тауарлар (Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың атаулары және алғашқы алты таңбадан аз емес деңгейдегі кодтары);
тауарлардың брутто салмағы (килограммен) не тауарлардың көлемі (текше метрмен);
ЕАЭО кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың болуы (болмауы);
халықаралық тауар-көліктік жүкқұжатты жасау орны және күні;
контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді
қамтитын құжатты ұсыну арқылы тауарлардың ЕАЭО кедендік аумағына келуі туралы хабардар етуге міндетті.
Тасымалдаушының атынан құжаттар мен мәліметтерді кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлғалар ұсынуға жол беріледі.
Құжаттар қағаз тасымалдағышында не электронды құжат түрінде табыс етіледі.
Тасымалдаушы, кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлғалар құжаттар мен мәліметтерді ұсынғаннан кейін уәкілетті лауазымды тұлға келу туралы хабарламаны қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады.
Көзделген құжаттар мен мәліметтердің болуын тексеру аяқталғаннан кейін уәкілетті лауазымды тұлға келуі туралы хабарламаны тіркейді.
Келуі туралы хабарламаны тіркеу нысан бойынша ЕАЭО кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы хабарламаны тіркеу журналында жүзеге асырылады.
ЕАЭО кедендік аумағына келуі туралы хабарламаның тіркеу нөмірі, сондай-ақ тіркеу күні мен уақыты көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарының бірінші бетіне не электронды құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірі туралы мәліметтер қамтылған құжатқа қойылады, ол уәкілетті лауазымды тұлғаның қолы қойылып және жеке нөмірлі мөрінің бедерімен куәландырылады.
Егер құжаттар электронды құжат түрінде берілген жағдайда келуі туралы хабарламаның тіркеу нөмірі туралы мәліметтер, сондай-ақ тіркеу күні мен уақыты осындай құжатты ұсынған тұлғаның ақпараттық жүйесіне жолданады.
Егер мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері келуі туралы хабарламаны ақпараттық жүйелер арқылы тіркеуге мүмкіндік берген жағдайда, қағаз түрінде Тіркеу журналын жүргізу талап етілмейді. Бұл ретте келуі туралы хабарламаны тіркеу мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып жүргізіледі.
Тасымалдаушы немесе өзге де мүдделі тұлға келу туралы хабардар еткен кезден бастап кеден органы жұмыс уақытының үш сағаты ішінде кедендік декларациялауға жататын тауарларға қатысты:
тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен;
тауарларды межелі орнынан уақытша сақтау орнына дейін тасымалдаумен (тасумен);
тауарларды кедендік декларациялаумен;
тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан әкетумен байланысты кедендік операциялардың біреуін жасауға міндетті.