Бұл Мемлекеттік кірістер органдарының ҚХР өкілдерімен ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды.
2024 жылғы 6 желтоқсанда Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің "Бақты" кеден бекетінде уақытша жолаушылар терминалы іске қосылды, ол туристерге қолданыстағы заңнамаға және белгіленген тәртіпке сәйкес екі ел арасындағы шекараны кесіп өтуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, бұған дейін жеке тұлғалардың туризм мақсатында шекарадан өтуге мүмкіндігі болмаған, өйткені терминал тек жүк көлігін өткізу үшін жұмыс істеген.
Енді жеке тұлғалар туризм мақсатында ҚХР барып, арнайы халықаралық жолаушылар тасымалына рұқсаты бар автокөлікпен кіре алады, бұл ретте жеке пайдалану үшін ҚХР әкелінетін багаждың салмағы айына 25 кг. аспауы тиіс.
Терминалды іске қосқаннан бері жолаушылар терминалынан Қазақстан Республикасына 180, ҚХР – 214 тұлға өтті.