Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығымен бекітілген «Кедендік жеке тексеруді және қарап тексеруді жүргізу қағидалары».
Кедендік жете тексеруді (қарап тексеру) төмендегі көрсетілген жағдайда жүргізіледі:
Кедендік жете тексеру жүргізуді көздейтін автоматтандырылған тәуекелді басқару жүйесінде кездейсоқ іріктеу әдісі немесе тәуекел бейінінің іске қосылуы;
Жөнелтуші кеден органы ИТК қолдануымен жүргізген кедендік бақылаудың нәтиже бойынша басып шығарылған рентген суреттерінің оң жақ бетіне қойылған "ИТК бақылауы күдікті" деген мөртаңбасының болуы, және/немесе мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріне кедендік жете тексеруді жүргізуді қажет ететін мәліметтердің болуы;




























